Нарық

Қазақстанда жұмыскерлердің 50%, зейнеткерлердің 30% үстеме табыс табу мақсатында қосымша еңбектенеді...

  • Қазақстанда жұмыскерлердің 50%, зейнеткерлердің 30% үстеме табыс табу мақсатында қосымша еңбектенеді...

    Қазақстанда жұмыскерлердің 50%, зейнеткерлердің 30% үстеме табыс табу мақсатында қосымша еңбектенеді...

Әлеуметтік теңдіктің (теңсіздіктің) деңгейі ең алдымен табыстар жүйесіне байланысты. Адамның белгілі бір өмір сүру деңгейіне кажетті материалдық игіліктерге жұмсалатын барлық қаржы-қаражат сомасы, табыстар, заңды түрде - экономикалық қызметтің нәтижесі. Табыстар қалыптасу көзіне қарай жіктеледі. Оларды негізгі және қосымша табыс түрлері деп бөледі. Дамыған нарықтық экономика жағдайында адам, қалыпты түрде, белгілі бір негізгі табыс түріне ие болады. Жалдамалы еңбек ететіндер үшін бұл еңбекақы, ал кәсіпкерлер үшін - таза пайда.

Қосымша табыстарға негізгі табыстан тыс түсетін ақшалай немесе материалдық кіріс түрлері жатады. Нарықтық экономика дамыған сайын қосымша табыс табу мүмкіншіліктері кеңейе түседі: кұнды қағаздардан, салық төлемдерінің төмендеуінен, мұрагерліктен т.б. түсетін табыстар. Қосымша табыс табуға адамдар екі себептен ұмтылады. Біріншіден, табыс көзін көп тарапты ету (диверсификациялау) негізгі табыстың төмендеуінен сақтандырады. Екіншіден, қажеттіліктің негізгі табыс түрінің өсуінен тұрақты түрде озып отыруына байланысты. Мысалы, мамандардың бағалауынша Қазақстанда жұмыскерлердің 50%, зейнеткерлердің 30% осы күндері қосымша табыс табу мақсатында қосымша еңбектенуге мәжбүр екен.

Табыстар формасына қарай ақшалай және материалдық болып та бөлінеді. Ақшалай табыстар - еңбекақы, жалақы, сыйлық, зейнетақы, жәрдемақы, ал материалдық табыстар - материалдық игіліктер (автокөлік, саяжай, пәтер, жиһаз т.б.) түрінде болады.

Табыстар құқықтық жағынан алғанда ашық және жасырын түрде болады. Біріншісі табыстың занды түрі болса, екіншісі заңға сәйкес келе бермейді. Табыстың жасырынды түрлері негізінен «көлеңкелі» экономика секторымен байланысты. Экономиканың нарыктық үлгісіне көшу кезіңде әлеуметтік жіктелу артады. Сондықтан тұрмыс деңгейін сипаттайтын «тұтынушылық қоржынды» толтырудың бірнеше нұсқалық түрлері қалыптасқан. Тұтынудың «рационалды» және «минималды» деңгейлерін есептейді. «Тұтынушылық қоржын» құрамы мен оның минималды және рационалды деңгейлері есептейді.

«Өмір сүру сапасы» материалдық және әлеуметтік игіліктерді (денсаулық сақтау, білім алу, демалыс, мәдениет т.б.) тұтынуды есепке алып, қоғамның тұрмыс деңгейін жан-жақты сипаттайды.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғам мүшелерінің және әртүрлі топтардың табыстарын бөлу және қайта бөлуге, теңсіздік біршама азайтуға бағытталған іс-шаралары.

Әлеуметтік саясаттың бірқатар міндеттері бар: тұрғындардың әл-ауқаттылығын көтеру; адамдардың өмір сүруі мен еңбек жағдайларын жақсарту; әлеуметтік әділеттілік принциптерін жүзеге асыру; қоғамның әлеуметтік салаларын және инфрақұрылымын дамыту; ел азаматтарының әлеуметтік мұқтаждықтары мен мүдделерін қанағаттандыру.

Бәсекелестік тетіктер негізінде халық табыстарын нарықтық тұрғыдан бөлу тепе-теңдікке жетуге кепілдік бермейді. Сол себепті, әлемнің дамыған елдерінің нақты қазіргі тәжірибесінде табыстарды бөлудегі теңсіздіктер байқалады.

Табысты бөлудегі теңсіздіктердің негізгі үш себебі бар: Біріншіден, адамдардың ақыл-ойлық (интеллектуалдық), физикалық және эстетикалық қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерінің бірдей болмауы. Мәселен, интеллектуалдық қабілеттіліктің аса жоғары болуы адамның табысын жоғарылатады. Ал қабілеттілік және ой деңгейі төмен адамдар сәйкесінше, табысы аз жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі. Танымал спортшылар өздерінің физикалық қабілетінің жоғары болуынан аса жоғары жалақы ала алады, сонымен қатар, эстетикалық қабілеттіліктері өте жоғары музыканттар немесе суретшілер біліктілігі жоғары мамандар өз жалақыларын арттыра алады.

Екіншіден, адамдардың білім деңгейлерінің әртүрлі болуы. Индивидтің кәсіби маман ретіндегі дайындығы неғұрлым жоғары болған сайын, оның жалақысы да жоғары болады. Білім деңгейі жоғары болу үшін мұндай жағдайда адам капиталына инвестицияны көптеп құюдың қажеттілігі туындайды. Үшінші себеп, адамдар қолындағы меншік түрлерінің әртүрлі бөлінуі. Кейбір адамдардың қолында меншіктері аз немесе мүлдем болмауы мүмкін. Ал келесі бір адамдардың қолында меншіктері өте көп болуы мүмкін: көлік, құрал-жабдықтар, жер телімдері, жылжымайтын мүлік, т.б. Осындай меншіктері бар адамдар көп табыс таба алады.

Сонымен, табыстарды бөлудегі теңсіздіктердің болу себептеріне байланысты қоғамда экономикалық мүмкіндіктерді теңестіру мүмкін болмайды, тіпті дамыған елдерде қазірдің өзінде бай және кедей топтағы азаматтар өмір сүреді.


Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы

НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ

Қаржы және технология мектебі




Көрілген: 711    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 13.10.2017, 22:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30