Нарық

Қазақстанда қандай ипотекалық бағдарламалар бар

  • Қазақстанда қандай ипотекалық бағдарламалар бар

    Қазақстанда қандай ипотекалық бағдарламалар бар

 Экономист маман Мақсат Халықов қазақстандықтар барлық нәрсені несиеге алғанды жөн көретінін айтып отыр. Жылжымайтын мүліктен бастап майда тауар мен тұрмыстық техниканың өзін қазақстандықтар ақшаларын жинап, қолма-қол алғаннан гөрі несиеге алғанды қолайлы санайды. Қазақстандық банктерде қандай ипотекалық бағдарламалар бар? Екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық бағдарламалар Елбасы ұсынған "7-20-25" ипотекалық бағдарламасынан да тиімді бола ала ма? Today.kz сауалға жауап іздеп көрді.


Еліміздің екінші деңгейлі банктерінің барлығында бірдей ипотекалық несие жоқ.


Құрылғанына 95 жыл болған "Халық банкі" осы банк арқылы жалақы алатын клиенттеріне ипотекалық несие береді. Бұл банктен ипотека алатын болсаңыз жалақы мөлшері әр аймақта белгілі деңгейге жетуі керек. Мысалы, Алматы қаласының тұрғындары үйге несие алмақ болса, жалақы көлемі 200 мың теңгеден асуы керек. "Халық банкі" ипотеканы 14-15 пайыздық мөлшермен 20 жылға береді. Комиссияға банк қаржының 1 пайызын, яғни 20 мың теңге ұстап қалады. Алғашқы жарна 20 пайыз.


"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша қолжетімді баспанаға ипотека береді. 25 жылға берілетін ипотеканың жылдық пайызы 5 пайыздан басталады.


Ал қолма-қол несиені 15 минут ішінде рәсімдейтін "Kaspi bank" тұтынушылары үшін ипотекалық бағдарлама құрмаған.


"Банк Хоум кредитте" әзірге ипотекалық бағдарлама бойынша тұтынушыларға қызмет көрсетпейді.


"Forte"банк арқылы ипотекаға қол жеткізуге болады. Егер сіз банкке табысыңызды растайтын құжатыңызды өткізсеңіз, 14,49 пайызбен 15 жылға ипотекалық несие ала аласыз. Мұндай жағдайда алғашқы жарна 15 пайызды құрайды.


Ал табысыңыз туралы құжатсыз ипотека рәсімдегіңіз келсе 15 пайызбен 10 жылға 50 пайыз алғашқы жарна төлеп ала аласыз.


Осы банк арқылы жалақы алатын болсаңыз 0,49 пайыз комиссия шегеріледі. Олай болмаған жағдайда ақшаның 2 пайызын комисияға төлейсіз.


Еліміздегі екінші деңгейлі банктер ұсынған ипотекалық бағдарламаның пайыздық мөлшері "7-20-25" бағдарламасымен салыстырғанда екі есе жоғары. Алғашқы жарнасы мен мерзімінде аса қатты айырмашылық болмаса да, Елбасы ұсынған ипотекалық бағдарламадан тиімдірек ұсыныс жоқ секілді.


Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша қалай баспана алуға болатынын қадам-қадамымен айтып берді.


Today.kz


 




Көрілген: 672    Пікірлер: 0

сенбі, 05.05.2018, 16:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31