Нарық

Қазақстанда кімдер 1 млн теңге жалақы алады?

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Қазақстанда жалақысы 1 млн теңге және одан да көп болатын вакансия саны 1,5%-ға артты, деп хабарлайды   Baq.kz  ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.


Аналитикалық орталықтың зерттеу нәтижесіне сәйкес, «Анкор» кадрлық холдингі 2017 жылы қабылдаған вакансиялардың 2%-ында жалақы мөлшері 1 млн теңге деп көрсеткен. Мұндай жалақы басқару қызметінде тәжірибесі бар менеджерлерге тағайындалған.


«Маркетинг, қаржы және заң саласындағы мамандарға жоғары жалақы төленетіні анықталды. Ережеге сай, корпорациялардың мұндай көлемдегі жалақыны өздерінің саласында топ деңгейге жеткен және әртүрлі бизнес процессте жоғары құзыретке ие кандидаттарға төлейтіні анықталды», - делінген компания хабарламасында.


2017 жылы сауда-саттық саласындағы мамандар жоғары сұранысқа ие болған. Әртүрлі саладағы техникалық мамандар екінші орында, ал қаржы саласындағы мамандар үшінші орында тұр. 500 мың теңгеден жоғары жалақы сауда-саттық, қызметкерлер басшысы, заң, активтерді басқару, логистика сынды мамандарға төленген.


«Бас мамандар – кез келген бизнес үшін стратегиялық маңызы бар ресурс. Олар үшін әрдайым еңбек нарығында шарттары оңтайлы ұсыныстар табылады. Жұмыс берушілер сенімді сапалы кадрлық резерв жинау арқылы бизнестің тұрақтығылы мен табысын арттыру үшін саналы таңдау жасайды. Компаниялар HR стратегиясының дамуында өздерін сенімді сезінеді. Аталған саладағы бизнес түрлері алдағы уақытта тұрақты түрде дамитын болады», - дейді Қазақстандағы Анкор кадрлық холдингінің директоры Валерия Петрунина.


Бүгінгі таңда қазақстандық жұмысшылардың орташа жалақысы – 149,9 мың теңгені құрайды. 


 




Көрілген: 615    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.12.2017, 12:34

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Наурыз, 17:07
Ең пайдалы бизнес

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30