Нарық

Қазақстанда магистральдық газ құбыры жөніндегі ұлттық оператор айқындалды

  • Қазақстанда магистральдық газ құбыры жөніндегі ұлттық оператор айқындалды

    Қазақстанда магистральдық газ құбыры жөніндегі ұлттық оператор айқындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобына кіретін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Магистральдық газ құбыры жөніндегі ұлттық оператор мәртебесін алды.


Қолданыстағы «Магистральдық құбыр туралы» ҚР Заңына сәйкес, Үкіметке магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалданатын мұнай және газ тәрізді өнім түрлері бойынша магистральдық құбырлардың ұлттық операторларын айқындау құзіреті бекітілген. Мұнай тасымалдауды ұлттық оператордың құқығында «ҚазТрансОйл» АҚ жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасында газ тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор айқындалмаған болатын. Үкімет қаулысына сай енді бұл функцияларды «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ жүзеге асыратын болады.



Жаңа ұлттық оператордың негізгі міндетіне тауарлық газды ішкі және сыртқы нарықтарға магистральдық газ құбырларымен тасымалдау кезінде мемлекет пен басқа да қатысушылардың мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Одан бөлек, компания магистральдық газ құбырлары жүйелерінің инновациялық дамуын және оның әлемдік энергетикалық жүйеге интеграциялануын қамтамасыз ете отырып, тауарлық газ ағынын әртараптандыру арқылы мемлекеттің энергетикалық әлеуетін арттырады.


Ұлттық оператор экспорттық бағыттарға тауарлық газды тасымалдау және магистральдық газ құбырларына қосылған ішкі тұтынушыларға тауарлық газды тасымалдау режиміндегі сенімді теңгерімді қамтамасыз етуін жалғастырады. Бұл әсіресе, газ тасымалы желілеріне ең үлкен жүктеме түсетін қысқы жылыту маусымында аса өзекті.


«ҚазТрансГаз» АҚ отандық, сондай-ақ шетелдік газ нарығында мемлекеттің «ҚазТрансГаз" АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамына кіреді) мемлекттің мүддесін отандық газ нарығында, сондай-ақ шетелдік газ нарығында да білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания магистарльдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тауарлық газды тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық тарнзитті қамтамасыз етеді, ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.


"ҚазТрансГаз" АҚ Баспасөз қызметі




Көрілген: 495    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.07.2018, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30