Нарық

Қазақстанда пойыз билетін сататын жаңа сайт ашылды

  • Фото: profit.kz

    Фото: profit.kz

Қазақстанда электронды пойыз билетін сатып алуға болатын жаңа интернет-ресурс іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жобаны "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы – Бас есептеу орталығы "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырған. Жаңа сайтта пойыз билетін арнайы кабинет арқылы немесе тіркелмей-ақ ресімдеуге болады. Сайтта "күту парақшасы" қызметі де бар. Қолданушы билет болмаған жағдайда, сол арқылы кезекке де тұра алады. Бос орын болған жағдайда қолданушының электронды поштасына хабарлама түседі.


Сондай-ақ, жолаушы бұрын сатып алған электронды билетін сайт арқылы қайта өткізе алады. Дисконт карта арқылы "бару-қайту" билеттерін бір тапсырыс кезінде ресімдеуге болады.


Бұған қоса, сайтта пойыз кестесі туралы анықтамалық ақпарат, бос орындар, пойыз билетінің бағасы, жолаушыларға тиімді жеңілдіктер туралы мәліметтер жинақталған. Кез келген адам пойыздарда қызмет көрсету сапасына баға беріп, басқа жолаушылардың бағалауы нәтижесінде жасалған пойыздардың рейтингін де көре алады.


"Пойыз билетін Visa және MasterCard жүйесін қолдана алатын барлық екінші деңгейлі банктің картасымен сатып алуға болады. Қандай да бір келеңсіздіктер туындаса, online режимде оператордың көмегіне жүгіне аласыз",-деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы – "Бас есептеу орталығының" директоры Тілеужен Оразбаев.


Жаңа сайт ұялы телефондарға бейімделген.


 


 




Көрілген: 885    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.05.2018, 20:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31