Қазақстанда шығарылған көліктердің қайсысы өтімді
«Жеңіл көліктер өндірісі 77,5 пайызға артып, 11 118-ге жетті. Есепті кезеңде автобус техникасын (135) шығару бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,6 пайызға кем түсті. Ал жүк көліктерін (365) жасау деңгейі 3,2 пайызға төмендесе, мамандандырылған автотехниканы шығаруда өсім байқалды», - делінген таратылған мәліметте.
Тек 2018 жылдың мамыр айында қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 2 572 автокөлік құралдары шықты. 2017 жылы сәйкес кезеңде 1 913 көлік құрастырылған болатын.
«5 айдың қорытындысы бойынша, отандық автозауыттар 10 202 көлікті саудалап, осы көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда 91,8 пайызға жоғары болды», - делінген хабарламада.
Қаңтар-мамыр айлары аралығында Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (4 537 көлік), Hyundai (2 454), KIA (1 007), JAC (536) және Ravon (508) енді.
Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде Chevrolet (369), Skoda (146), Peugeot (99), SsangYong (7 ) бар екенін атап өткен жөн.
Есепті кезеңде 2 063 автомобильді жеңілдікті автонесиелеу мембағдарламасының қатысушылары сатып алды.