Нарық

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсуі мүмкін

  • Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсуі мүмкін

    Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсуі мүмкін

Елімізде мұнай бағасының қымбаттауына байланысты Үкімет бюджетті қайта есептегелі жатыр. Мемлекет эономикасына тікелей әсер ететін фактор қара алтын болғандықтан, енді зейнетақы мен жәрдемақы тағы өсуі мүмкін деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бүгінде мұнай қымбаттап, баррелі 60 доллардан асты. Ал Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттің үш жылдық шығынын қара алтынның ескі курсымен яғни 45 доллармен есептеп қойған. Енді елдің басты қаржылық құжатына өзгеріс енеді.


"Біріншіден қазір мұнай бағасы қымбаттады. Биылғы шығынды бекіту үшін қара алтынның нақты құнына болжам жасауға тырысып жатырмыз. Экспорт пен өндіріс те өсті. Оны да қайта есептейміз", - дейді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов.


Яғни, Үкімет өндіріс пен мұнайдан түскен табысты да қайта есептейді. Өйткені, бюджет осы екеуіне тікелей байланысты. Қара алтын мен сыртқа сатылған өзге де шикізаттың пайдасы алыдмен Ұлттық қорға түседі де, кейін трансферт ретінде бюджетке бөлінеді. Ал Үкімет 2018 жылдың шығынын 9 триллион теңге деп бекіткен еді. Енді мұнайдың бағасы қымбаттауына байланысты қазынада артық ақша болады.


Шенеуніктер сол қаржыны қайда жіберетіндерін анықтауы тиіс. Мемлекеттік шығындар көбіне әлеуметтік төлемдерге жұмсалатынын ескерсек, зейнетақы, жәрдемақы тағы өсуі мүмкін. 




Көрілген: 591    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.02.2018, 10:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31