Нарық

Қазақстанда зейнетке шығудың жаңа ережесі күшіне енді

  • Қазақстанда зейнетке шығудың жаңа ережесі күшіне енді

    Қазақстанда зейнетке шығудың жаңа ережесі күшіне енді

Қазақстанда биыл 50 мыңға жуық әйел адам зейнетке жаңа ереже бойынша шығады. Бұл туралы 24.kz жазды.


Өйткені осы жылдың 1 қаңтарынан әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен 58 жастан 63 жасқа арттыру жөніндегі норма күшіне енді.


Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды. Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері кесте бойынша беріледі. Бұған дейін зейнетақы жинағын салымшы өз қалауына қарай ай сайын, әр тоқсанда немесе жылына бір рет алатын.Енді зейнетақы төлемдері ай сайын беріледі.


“Егер салымшы өтініш берген күні оның жинақтарының сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Бүгінгі таңда оның мөлшері 404 940 теңге. Ал ай сайынғы төлемдердің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан кем болмайды”,-дейді «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры Жанара Төлегенова. 




Көрілген: 1196    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.02.2018, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30