Қазақстандағы шетелдік банктер қалай жұмыс істейді?

Қазақстандағы шетелдік банктер қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда Иранмен бірге бірлескен банк ашу туралы келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы Қазақстан-Иран іскерлік кеңесінің төрағасы Амир Абеди хабарлады.

Амир Абедидің айтуынша, Қазақстан территориясында банк операцияларын жүргізу — екі ел байланысында қиындық тудырып жатқан мәселенің бірі. «Кәсіпкерлер арасындағы кез келген қарапайым келіссөз банк қызметтерінсіз тиімді болмайды. Сондықтан біз бірлескен банк ашу мәселесін талқылап жатырмыз. Бұған дейін Түркиямен жұмыс істегенбіз. Егер келіссөздер ары қарай да осы қарқынмен жалғаса берсе, банк операцияларына қатысты мәселе шешілуі мүмкін», — деді іскерлік кеңес төрағасы.

Ол сондай-ақ ирандық банктердің Қазақстан нарығына кіруі мүмкін екенін жеткізді. Оның айтуынша, жергілікті қаржы институттары шетелдік банк өкілдерін қабылдауға дайын отыр.

«Қазір екі елдің орталық банктері мәселені талқылап, бұл идеяны қалай іске асыруға болатынын қарастырып жатыр. Сауда-өндірістік палата өкілі ретінде айтайын, жақында бұл банк ашылады. Тек бір-екі детальдарын талқылау ғана қалды. Бәрі шешілген кезде, банктерімізді көріп те қаласыз», — деді Иран өкілі.

Абедидің айтуынша, Қазақстан нарығына Түркия мен Ресейде жұмыс істеген Иран даму банкі мен Иран халық банкі келгелі жатыр. Төраға олармен бірге сақтандыру мен брокерлік компаниялардың да кіруге ниетті екенін жеткізді.

Ал Қазақстандағы өзге шетелдік банктер қалай жұмыс істейді?

Бұл банк елімізде жұмыс істегелі жатқан алғашқы шетелдік банк емес. Ranking.kz сараптама агенттігінің хабарлауынша, 2015 жылы Қазақстандағы екінші деңгейлі 34 банктің 13-і шетелдік қаржы институттары ретінде тіркелген. 1993 жылы Қазақстан нарығына келген Түркиядан келген T.C. Ziraat Bankasi A.S.банкі және 1994 жылы ашылған «AMRO Банк Қазақстан» шетелден келген ең алғашқы банктер ретінде саналады. Кейінірек 1996 жылы «Қазақстандағы Пәкістан банкі» еншілес банкі — Пәкістан Ұлттық Банкінің (негізгі кеңсесі Карачи қаласы, Пәкістан) жалғыз акционері ашылды.

Шетелдегі ірі қаржы ұйымдарының көбі елімізде өздерінің еншілес банктері арқылы жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңның 8-бабы бойынша, Қазақстанда банк және банк холдингі уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйым құра алады. Заңды анықтама бойынша, еншілес банк – 50 пайыздан астам акциясы негізгі банкке тиесілі жеке тұлға.

Иранмен жуырда ашылғалы жатқан Қазақстан мен Иранның бірлескен банкі секілді қаржы институттары «Қазақстанның банк туралы» заңында бөлек назарға алынып, бақыланады. Ресми анықтамасы бойынша, жарғылық қоры Қазақстан Республикасы мен басқа ел азаматтарының оңай конвертацияланатын валюталарынан жинақталатын банкті бірлескен банк деп аталады. Бірақ конвертациялау қиындық тудырмайтын валютадан құралатын жарғылық қор толықтай шетелдік жеке я заңды тұлғалардың қаржысынан жиналса, банк шетелдік боп саналады.

Шетелдік банктер басқа ел территориясында еншілес банктер мен өздерінің өкілдіктерін аша алады. Мысалы, бүгінде Қазақтанда басқа елдің өкілдігі саналатын отыздан астам ұйым жұмыс істейді.

Қазақстанның заңды және жеке тұлғалары басқа банктердегідей жарғылық капиталға өзіне тиісті болатын үлесті сатып алып, құрылтайшы бола алады. Бірақ басқа мемлекет территориясында жұмыс істейтін бірлескен банктердегі шетелдік құрылтайшының үлесі 36 пайыздан көп, бірақ 50 пайыздан аз болуы керек.

Соңғы жылдары банк секторында болып жатқан қиындықтарға байланысты Қазақстан нарығынан шетелдік банктердің жаппай кетуі байқалып жатыр. Мысалы, 2013 жылдары «АТФБанк»-ті сатқан UniCredit-тің артынан 2014 жылы HSBC қаржы институты да кетті. 2017 жылдың басында Банк ЦентрКредиттің 41,93 пайыз акциясына ие кореялық Kookmin Bank (KB) үлесін Бақытбек Байсейітов пен «Цеснабанк» АҚ және «Цесна» қаржы холдингі» АҚ бірлескен консорциумы сатқан еді. «Финам» сарапшылар тобының компаниясы Богдан Зварич Kookmin Bank Қазақстаннан уақытша шыға тұруға асығып жатқанын айтқан еді.

«Соңғы жылдары ірі шетелдік банктердің Қазақстан банк нарығынан кетіп жатқанын байқаймыз. Соған қарағанда шетелдік банктер қазақстандық банк жүйесінің келешегі мен экономикасының дамуына күмән келтіре бастады. Сол үшін де «уақытында кетіп қалуға» асығып жатыр», — деп пікір білдірген еді маман.

Мұндай тенденция Ресей нарығында да байқалып жатыр. 2009 жылдың шілдесінде International Personal Finance британдық қаржы компаниясы өзінің кредит беретін «ИПФ Банк»-ін, соңын ала америкалық ипотекалық American International Group (AIG) та еншілес «АИГ Банк»-ін ресейлік нарықтан шығарды. 2010-2011 жылдары испаниялық Santander, скандинавиялық Swedbank мен бельгиялық KBC да кеткен. Соңғы жылы Rabobank, Barclays пен MorganStanley де Ресейдің орталық банкінен алған лицензияларын қайтарып берген.

Қаржы секторындағы құбылмалы жағдай шетелдік банктердің жұмысына кері әсер етті. Мысалы, Қазақстан нарығында 100 пайыз ресейлік резиденттер қатысатын төрт банктің (Альфа-Банк, ВТБ, Хоум Кредит, Сбербанк) қаржылық көрсеткіштері біраз төмендеп, аталған төрт банктің нарықтағы ықпалы азайды. 2016 жылы бір жыл ішінде ресейлік банктердің банк секторындағы жалпы салымы 10,8 пайыздан 8,1 пайызға кеміп, кредиттердің үлесі 9,6 пайыздан 8,1 пайызға түскен. 

7kun.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста