Нарық

Қазақстандық ақшалардан түрлі қауіпті аурулар тарала бастады

  • Қазақстандық ақшалардан түрлі қауіпті аурулар тарала бастады

    Қазақстандық ақшалардан түрлі қауіпті аурулар тарала бастады

Алматы қаласының дәрігерлері адамды өлімге әкелетін менингит, туберкулез сияқты қауіпті бактериялар кәдімгі қағаз ақшалардан табылып жатыр деп алаңдауда. Қарапайым жеке бас гигиенасын сақтамаудың кесірінен көзге көрінбейтін бактериялар адам ағзасына түсіп, соңынан қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Көзге әдемі әрі тап-таза банкноттардың қай-қайсысында бактериялар қаптап жүрген көрінеді.


Айналымда ұзақ уақыт бойы жүретін ақшаларда ауру тудырғыш бактериялар көп болады екен. мамандардың айтуынша, бір ғана қағаз ақшада 500-ден аса микроағза бар. Олар, сондай-ақ өмір сүруге өте бейім келеді.


Алматылық мамандар халыққа ескерту жасап, тазалықты сақтап жүруге шақырды.


"Көп адамдар ойланбастан ақша санаған кезде ауыздарына саусақтарына салып, түкіріп, жатады. Бұл адамдарда жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі өте жоғары", - дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бөлім жетекшісі Алмаш Ахметова.


Банкноттарда өте жиі кездесетін бактериялардың қатарына бацилла, стрептококк, ішек таяқшасын жатқызуға болады. Ғылыми тұрғыдан дәлелденгендей, ақшада өмір сүретін аталмыш бактериялар адамды фарингит, менингит, өкпе қабынуы, туберкулез сынды кеселдерге душар етуі бек мүмкін. 




Көрілген: 556    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.07.2018, 14:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31