Нарық

Қазақстандық автокөліктер қанша пайызға арзандайды?

  • Қазақстандық автокөліктер қанша пайызға арзандайды?

    Қазақстандық автокөліктер қанша пайызға арзандайды?

 ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Сатылымы жағынан қосымша құн бойынша салықтан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларының тізімін бекіту туралы» бұйрық дайындап жатыр. Құжатқа ақпан айында қол қойылып, ол жариялануы мүмкін, деп хабарлайды  kolesa.kz.


Бұйрыққа сәйкес, қосымша құн салығынан (ҚҚС) қазақстандық кәсіпорындардың бөлшектерінен жасалған, «инвестиция бойынша құзіретті органдармен бекітілген инвестициялық шарттар аясында кеден процедурасы үшін еркін қоймада орналастырылған» жеңіл автокөліктер, ауыр жүк көліктері, тракторлар мен арнайы техникалар босатылмақ. Ол жағдайда көліктің құны 12 пайызға азаюы мүмкін.


Демек, мұндай жеңілдікке ҚР ИДМ-нен қолдау тапқан және әкелінген жиынтық саймандардан көлік құрастыратын жергілікті зауыттардың өнімдері ие болады.


ҚҚС-ты алып тастағаннан кейін қазақстандық автосалондарда көліктің бағасы арзандайтыны немесе арзандамайтыны туралы сауалға (БИПЭК АВТО ғана бұл сұраққа жауап берді) кәсіпкерлер әлі толымды жауап бере алған жоқ.


Олардың айтуынша, бұл мәселе бойынша әлі соңғы шешім шықпаған. Бірақ, бұл сұрақтың жауабы құжат күшіне енгеннен кейін белгілі болмақ.


kolesa.kz.




Көрілген: 1187    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.01.2018, 20:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30