Нарық

Қазақстандықтар Еуропаға теміржолмен қатынайтын болады

  • © 24.kz

    © 24.kz

Жақын арада Түркияға, тіпті Еуропаға теміржолмен қатынауға мүмкіндік туады.


Былтыр қазан айында ашылған жаңа бағдар Баку-Тбилиси-Карс қазақстандық жолаушыларды Түркияның Карс қаласына дейін жеткізетін болады. Қазіргі кезде техникалық мәселелер шешіліп жатыр.


Баку-Тбилиси-Карс теміржолы алғашқы кезеңде жылына бір миллионға дейін жолаушыны тасымалдай алады. Осы жобаны жүзеге асыру үшін техникалық шарттарды орындау қажет.


Джавид Гурбанов, «Әзербайжан теміржолдары» компаниясының төрағасы


- Ең алдымен техникалық шарттарды орындауымыз тиіс. Әзербайжан аумағында шойынжолдың арасы – 1520, ал Түркия аумағында – 1435 километр. Бір жолдан екіншіге өту үшін дөңгелектерін ауыстыру қажет. Осы талаптарға сай келетін вагондарға тапсырыс бердік. Жылдың аяғына дейін Карсқа дейін жолаушылар тасымалын бастауды көздеп отырмыз.


Мамандардың айтуынша, Баку-Тбилиси-Карс бағдарымен жолаушыларды тасымалдау, туристердің санын едәуір арттыруға мүмкіндік бермек.


Вугар Шихмамедов, Әзербайжан мәдениет пен туризм министрлігінің баспасөз хатшысы:


- Туризмдегі ең маңызды факторлардың бірі – көлік тасымалы. Баку-Тбилиси-Карс бағдарының Ұлы Жібек жолымен өтуі туризм үшін зор мүмкіндіктер ашатыны анық. Арнайы туристік пойыздар жіберіп, саяхатшыларға арналған бөлек жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Бұл Қазақстан мен Азияның өзге елдерінің туристері үшін Түркияға және одан әрі өзге де елдерге баруға бірегей мүмкіндік.


Осындай саяхаттар екі-үш күнмен шектеліп қана қоймайды. Туристер Жібек жолы бойындағы әрбір елдің көрікті жерлерімен таныстып, барынша тиісті ақпаратқа қанығатын болады. 


24.kz




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.02.2018, 16:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30