Нарық

Қазақстандықтар несиені не үшін алады? Ең басты себептер аталды

  • Қазақстандықтар несиені не үшін алады? Ең басты себептер аталды

    Қазақстандықтар несиені не үшін алады? Ең басты себептер аталды

Қазақстандықтардың көбі несиені ұялы телефон мен түрлі гаджет үшін алады, - деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.


Телеарнаның мәліметінше, тұтынушылық кредитке өтініш берушілер саны әсіресе желтоқсан айында күрт көбейе түседі. Халық мереке алдында сыйлық үшін түрлі тұрмыстық техника мен телефондарды несиеге рәсімдейтін көрінеді. Демек, отандастарымыз несиенің 90 пайызын тұтынушылық қажеттіліктерге жұмсайды. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген сарапшылар айтып отыр. Ал көктем, жаз кезінде жұрт еңбек демалысы мен үйлеріне жөндеу жасау үшін кредит алса, күзде балаларын сабаққа дайындауға және той жасау үшін де қарызға батады. Биылғы он айда екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 2,4 триллон теңгені құрайтын 6 миллионға жуық тұтынушылық несие рәсімдеген. "Соңғы 1,5 жылда елімізде несие алушылар саны көбейді. Өйткені, қазір банктер несиені өте көп беруде. Бөліп төлеу арқылы тұрмыстық техника алу сәнге айналды. Былтыр екінші деңгейлі банктер мен өзге де микро қаржы ұйымдарын қосқанда, қазақстандықтарға 5 триллион теңге көлемінде қарыз берілген еді. Ал биыл бұл сан 6 триллонға жетті. Осы сомманың 15 пайызы уақтылы төленбей, проблемалық кредитке айналып отыр", - деді Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева. Биыл берілген несиенің 92 пайызы тұтынушылық қажеттіліктерге алынған. Жалпы, Қазақстан бойынша несие алудан Алматы мен Астана қаласының тұрғындары көш бастап тұр. Кейінгі орынға Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысының халқы жайғасқан.

 




Көрілген: 1490    Пікірлер: 0

сенбі, 01.12.2018, 18:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31