Нарық

Қазақстандықтарға жылуды 30 пайызға үнемдеу мүмкіндігі ұсынылды

  • Қазақстандықтарға жылуды 30 пайызға үнемдеу мүмкіндігі ұсынылды

    Қазақстандықтарға жылуды 30 пайызға үнемдеу мүмкіндігі ұсынылды

Қазақстандықтарға жылуды 30 пайызға үнемдеу мүмкіндігі ұсынылды. Алайда ол үшін жылуэнергиясын аз пайдалануға арналған құрылғыны орнату керек. Бұл туралы "Алматы" телеарнасының сюжетінде айтылады. "Бүгін осы мәселені көтеріп, жауапты органдар тарапынан қолдау керектігін айтып келеміз. Халық жылуэнергиясын үнемдеп, төлемдерді азайтуды қалайды. Егер арнайы үнемдеу аппаратын орнатсақ көздеген мақсатқа жетер едік. Мұндай жоба көршілес Ресейде бірнеше жылдан бері жүзеге асуда", - деді "Алматы жылу жүйелері" ЖШС жылу энергиясы құралдарын есепке алуды бақылау қызметінің басшысы Дмитрий Федюков. Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, "Алматы жылу жүйелері" мекемесінің 55 жылдығына орайластырылған отырыста жылумен қамту туралы арнайы заңнама қажет екені айтылды. Мамандар, тұрғын үй коммуналды шаруашылық саласында осы мәселе кенже қалып отыр дейді. Электроэнергетика қауымдастығы өкілінің сөзінше, еліміздегі жылу беретін станциялар ескіріп, өндірістік шығындарға жиі тап келеді. "Жылумен қамту жүйесі бойынша арнайы заңнама жоқтығынан бөлек, энергетика секторларының нормативті-құқықтық актілері түрлі құрылымдарға еніп, әртараптанып кеткен. Салаға сәйкес техникалық және технологиялық бірыңғай саясат жоқ. Бұл жобаны іске асыру үшін біз үкіметке ұсыныс жасауды жоспарлап отырмыз", - деді Қазақстан электроэнергетикалық қауымдастығының төрағасы Шаймерден Оразалинов.

 




Көрілген: 342    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 17.12.2017, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Желтоқсан 2017
    Qazcom мен Halyk bank бірігеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31