Нарық

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

  • Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

    Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қазақстандықтар қашаннан бастап зейнетақы жинағын уақытынан бұрын шешіп ала алатындарын айтты, деп хабарлайды  Baq.kz ақпарат агенттігі.


Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында ол бұл мәселе азаматтардың зейнетақы активтерін басқару жүйесін реформалау бойынша қаржы реттеушісінің ұсыныстары шеңберінде үкімет пен бизнес қауымдастық тарапынан талқыланып жатқанын айтты.


«Бұл мүмкіндікке зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинаған, зейнетақы қорына еңбекке жарамсыз жаста тұрақты түрде табыспен қамтамасыз ете алатын жеткілікті сома жинаған салымшылар ие болуы мүмкін деп болжануда», - дейді Ақышев.


Ұлттық банк төрағасы алдың ала есептеулерге сәйкес, Қазақстанда өмірді сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттары арқылы зейнетақы жинағын уақытынан бұрын шешіп алуға мүмкіндігі бар 4000-ға жуық салымшы бар екендігін айтып өтті. 




Көрілген: 2017    Пікірлер: 2

жұма, 23.02.2018, 17:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30