Нарық

Қазақстанның Еуропадағы 5,2 млрд доллар активі бұғатталды

  • © azh.kz

    © azh.kz

Амстредам соты голландиялық KMG Kashagan B.V кәсіпкерлігіндегі «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорына тиесілі 5,2 миллиард доллардың акцияларын бұғаттауды күшінде қалдырды деп хабарлайды Newswire.ca. порталына сілтеме жасап NUR.KZ.


Бұл туралы басылымға арнайы өкілдер Анатолия және Габриэля Статилер айтқан.


Тағы бір айтары, бұл қаржы - құны 22 миллиард доллар болатын Ұлттық банк активтерінен бөлек, Еуропа елдеріндегі компанияларға тиесілі Қазақстанның үлесі екен. Осы акциялар арқылы Қазақстан Қашағанның (Shell, Eni, Exxon және Total кіреді) шыққан жерін зерттейтін ірі халықаралық консорциумға қатысатын.


Мұнымен қатар, Швецияның 33 мемлекеттік компаниясындағы (Volvo, Skanska, Electrolux, Nordea және тағы басқалар кіреді) Қазақстан акциялары бұғатталды. Аталған мемлекеттегі Қазақстан акцияларының жалпы құны 100 миллион долларды құрайды. Бұғатталған акцияларға қатысты Қазақстан барлық экономикалық құқығынан айырылып отыр. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев болса «Bank of New York Mellon-ның» акцияларды заңсыз бұғаттағанын айтып, Қазақстан тарапынан бұл шешімге қарсылық білдіретінін жеткізді.


Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың желтоқсан айында Нью-Йорк банкі молдаван кәсіпкерлері Анатолия Статидің арызы бойынша Ұлттық қордың 22 миллиард долларын бұғаттаған болатын. 




Көрілген: 324    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 09.01.2018, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Желтоқсан 2017
    Qazcom мен Halyk bank бірігеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31