Нарық

Қазақстанның қанша жерін шетелдіктер пайдаланып отырғаны белгілі болды

  • Қазақстанның қанша жерін шетелдіктер пайдаланып отырғаны белгілі болды

    Қазақстанның қанша жерін шетелдіктер пайдаланып отырғаны белгілі болды

Астанада өткен Жер Кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты баспасөз конференциясында АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жер қатынастары мен жерге орналастыруды дамыту басқармасының басшысы Жанар Қаржанова журналистердің сауалына жауап беру кезінде Қазақстанның қанша жерін шетелдіктер пайдаланып отырғанын айтты деп хабарлайды Baq.kz.

«Өздеріңіз білетіндей қоғамдық пікір туғызған мәселелер бойынша қолданыстағы мораторий мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылып, ауылшаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жеке меншікке және шетелдіктерге жалға беруді тоқтата тұратын өзгерістер енгізілген болатын. Ал бұрыннан пайдаланып келе жатқан шетелдіктер өз істерін жалғастырып жатыр. Нақтылап айтар болсақ, 65 мың гектар жерді шетелдіктер пайдаланып отыр. Әрине олар қазақстандық шаруалармен бірлесіп пайдаланып отырғанын да айта кету керек» - деді Жанар Қаржанова. Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жерлерінің ең көп мөлшерін айқындау үшін тиісті Есептеу әдістемесін әзірлеуде, онда республиканың әрбір өңірінің жағдайы мен ерекшелігі ескерілетіп болады.




Көрілген: 787    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 12.09.2017, 20:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30