Нарық

Қазақтардың алған несиесі рекордтық деңгейге жетті

  • Қазақтардың алған несиесі рекордтық деңгейге жетті

    Қазақтардың алған несиесі рекордтық деңгейге жетті

Тұтыну несиелерінің көлемі екінші ай қатарынан рекордты жаңартып отыр.


2017 жылдың тамызының қорытындысы бойынша, ҚР екінші деңгейлі банктерінің тұтыну несиелерінің портфелі бір айда 3,0% ұлғайып, 2,8 трлн теңгеге жетті. Ал бір жылда бұл көрсеткіш 12,1% ұлғайған.


Екінші деңгейлі банктердің жалпы несиелік портфедінің ішіндегі тұтыну несиелерінің үлесі бір жылда 19,7%-дан 21,5%-ға көтерілді.


Ал бір жылда уақыты өтіп кеткен несиенің үлесі тамыз соңындағы көрсеткіш бойыша 8,5%-дан 7,0%-ға азайып, 195,8 млрд теңгені құрады.


Елдің 16 өңірі де бір жылда тұтыну несиелерінің көлемін арттырған.


Соның ішінде астаналықтардың несие алу қарқыны көш басында. Бір жылда Астанадағы тұтыну несиесінің өсімі 16,8% болса (33 млрд ұлғайып, 229,8 млрд теңгеге жетті), жалпы республикадағы көрсеткіштегі үлесі7,9%-дан 8,2%-ға артты.


Екінші орындағы Алматының жылдық өсімі 30,9 млрд теңге 3,0%, яғни 1045,0 млрд теңгеге жетті. Ал республика бойынша үлесі 40,6%-дан 37,3%-ға азайды.


Алғашқы үштікті Қарағанды облысы қорытындылайды. Қарағандылықтар бір жылда алған несиелерінің көлемін 30,1 млрд теңгеге ұлғайтып (20,4%), 177,1 млрд теңгеге жеткізді. Республикалық көрсеткіштегі үлесі 5,9%-дан 6,3%-ға көбейді.


Қазақстан бойынша ең қолжетімді несие 1 млн теңгеге дейінгі кепілзатсыз несие.




Көрілген: 868    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 07.10.2017, 16:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30