Нарық

Қазақтелеком Kcell акцияларын сатып алса, тарифтердің өзгермейтініне ешкім кепілдік бере алмайды - депутат

  • © Kursiv.kz

    © Kursiv.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина "Қазақтелеком" АҚ "Kcell" ұялы байланыс операторының 75% акциясын сатып алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


"Ең бастысы, бізді Үкімет позициясы қызықтырып отыр, себебі екі апта бұрын Үкіметке депутаттық сауал жолданған болатын. Бұл туралы ұзақ уақыттан бері айтылып келеді, оған нүкте қоятын кез жетті. Бізді де ұялы байланыс нарығындағы шоғырлану алаңдатады. Егер "Қазақтелеком" Kcell акцияларын сатып алса, жалпы нарық тұтынушыларының шамамен 65 процентін иемденеді", - деді Майра Айсина "Атамекен" ҰКП жиынында журналистерге берген сұхбатында.


Сондай-ақ, депутат тарифтерді өзгертуде де тұтынушылар мүддесін ойлау керектігін баса айтты.


"Қазіргі уақытта бізді тұтынушылар мүддесі де алаңдатады. Олар біздің сайлаушыларымыз, біз олардың атынан сөйлеп отырмыз. Енді Қазақтелеком мен Үкіметтің нақты ұстанымдарын, шешімнің неден туындағанын білу қажет. Егер нарықта үш немесе одан да көп ойыншы болса, теңгерім жағынан мәселе туындамайды. Ал егер бұл келісімге жол берілсе, Қазақстан нарығында екі ойыншы (Билайн және Алтел-Теле2) қалады және тарифтердің өзгермеуіне ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан, ҰКП жанындағы Кеңес атынан бұл мәселеге өте мұқият қарауды, тұтынушы мүддесін алдыңғы кезекке қоюды талап етеміз", - деді депутат.


Бұған дейін "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының "Kcell" ұялы байланыс операторының 75% акциясын сатып алатыны туралы хабарланған еді.


 




Көрілген: 303    Пікірлер: 0

жұма, 20.04.2018, 18:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30