Нарық

ҚазМұнайГаз бензин бағасын төмендету үшін қызметкерлерді сыйақысыз қалдырмақ

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ республикада жанар-жағармай бағасының теңгерімсіздігіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдап жатыр. Ұлттық компания бензин бағасын төмендету үшін штат санын қысқартып, қызметкерлерді сыйақысыз қалдырмақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Компанияның мәліметінше, бүгінгі күні Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында АИ-92 қоры негізінен Ресей Федерациясынан әкелінетін бензин есебінен қалыптасып отыр, оның өзіндік құны литріне 161 теңгеден жоғары.


«Республикада бағалардың теңгерімсіздігіне жол бермеу және шығындарды төмендету үшін «ҚазМұнайГаздың» барлық жанармай құю станцияларында АИ-92 бензинінің бірыңғай бөлшек сауда бағасын литріне 161 теңге деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Өңдеу және маркетинг» бағыты, «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС орталық аппаратының қызметкерлеріне 2017 жылға сыйақы және бонустық төлемдер төленбейді», - деп жазылған ҚМГ таратқан хабарламада.


Түпкілікті өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатында «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС шығындарын едәуір қысқарту, оның ішінде орталық аппараттың штат санын қысқарту жоспарланып отыр. 




Көрілген: 729    Пікірлер: 0

сенбі, 28.10.2017, 18:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30