Нарық

Кеденге жемқорлықты жоятын жаңа жүйе енгізіліп жатыр

  • © baq.kz

    © baq.kz

Елімізде кеден үдерістерін автоматтандыру мақсатында «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі енгізілуде, деп хабарлайды baq.kz ақпарат агенттігінің аймақтағы тілшісі.


«АСТАНА» атауының еліміздің бас қаласы Елордаға ешбір қатысы жоқ, «кедендік және салықтық басқарудың автоматтандырылған жүйесі» (автоматизированная система таможенного и налогового администрирования) деген сөздерден қысқартылып алыныпты.


Бұл жүйе кеден қызметін бір ізге түсіріп қана қоймай, түрлі қағазбастылықтан, адам факторларынан құтылуға мүмкіндік бермек. Яғни, «АСТАНА-1» жүйесі алдын ала ақпарат берілген сәттен бастап тауар шығарылғаннан кейінгі бақылауға дейін кедендік үдерістерге автоматты түрде бақылау жасайды.


Бұл кешенді жүйе кезеңмен енгізіліп жатыр. Алмалы кеден бекетінің жетекші маманы Ақбөпе Мүсірәлиеваның айтуынша, 2017 жылдың бірінші қазанынан бастап, кедендік транзит және экспорт рәсімдері бойынша электрондық декларациялау іске қосылса, 1 қаңтардан бастап экспорт режиміне, ал 1 сәуірден бастап импорттың бар түріне енгізілген.


«Бұл бағдарламаның артықшылығы жүк алушы мен кеден органының лауазымды тұлғасының арасында байланысты үзді. Бұрынғыдай сіз құжаттар жиынымен мемлекеттік органға келмей-ақ, өз кабинетіңізден электронды түрде декларацияңызды жолдауға болады. Бағдарламаның тәуекелдер басқару жүйесі арқылы кедендік бақылауды реттеп отырады», – дейді Ақбөпе Мүсірәлиева.


Басты артықшылықтарын тізбелеп өтсек, тәуекелдері болмаса, тауардың декларациясын автоматты түрде шығарып береді. Ақпараттық жүйелерді қысқартады. Кедендік бақылаудың барлық үдерістері бір ақпараттық жүйеге шоғырландырылады. Кеңседен шықпай-ақ алдын ала ақпарат пен транзиттік декларация беруге болады. Кедендік рәсімдер жедел жасалады. Қағаз құжаттарсыз тауарға декларация жасай алады. Жемқорлық деңгейін барынша төмендетеді.



«Баж салықтары, НДС және басқа да төлемдерді да электронды түрде төлейді. Тіпті, міндетті кедендік бақылаулардан осы арқылы өтіп, қажетті құжаттарын бірге ілестіре тіркеп, кедендік декларация рәсімдерін жасай алады», – дейді Кедендік бақылау басқармасының жетекшісі Қайрат Бөкешов.


Кедендік сыртқы сауда айналымына қатысушы азаматтарға тиімді тұсы мол. Жүйенің өзі жасыл дәліз, көк дәліз, сары дәліз және қызыл дәліз секілді дәрежелерге бөледі. Жасыл дәліз арқылы ешқандай ескертпесі жоқ, құжатында көрсетілген барлық ақпаратқа сәйкес келетін тауарлар шығарылады. Осы уақытқа дейін Алматы қаласы бойынша 11 мыңнан аса электронды декларация тіркеліп шығарылса, соның 75 пайызы автоматты түрде жасыл дәлізбен шығарылған. Қалғандарына әртүрлі себептермен кедендік міндетті бақылаудың шарттары бойынша қосымша тексерілу тағайындалған.


«Бұрын декларацияны рәсімдеу үшін 7 сағатқа дейін уақыт кететін, қазір үш минут, 5 минут қана уақыт кетеді. Меніңше, бұдан жылдам болуы мүмкін емес шығар. Тәуекелдерді реттеу желісі бойынша бағдарламада арнайы индикаторлары бар. Ол тәуекел профилі деп аталады. Бағдарлама автоматты түрде адамның қатысуынсыз-ақ жіктеп сараптама жасайды. Қай дәлізден өтетінін бағдарламаның өзі анықтайды», – дейді Қайрат Бөкешов.


Айта кететін жайт, бұған дейін мемлекет басшысы кеден органдары алдына салық және кеден саясатын оңтайландыру, эксперт және импорт үшін құжаттардың санын қысқарту, бір терезе қағидатын енгізу, кедендік рәсімдеу уақытын қысқарту туралы тапсырмалар берген болатын. Бұл бағдарлама – автоматтандырылған жүйе тек Қазақстанда ғана емес, 95 мемлекетте іске қосылып отыр.


 




 




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

жұма, 27.04.2018, 14:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30