Нарық

Келесі жылы экспорт азайып, импорт көбейеді

  • Келесі жылы экспорт азайып, импорт көбейеді

    Келесі жылы экспорт азайып, импорт көбейеді

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем балансының ағымдағы шотының 2018-2019 жылдарға арналған болжамын ұсынады.


Ағымдағы болжамның базалық сценарийі Brent маркалы мұнайдың 2018 жылғы желтоқсаннан бастап бір баррель үшін $60 бағасы болып табылады.


Қазақстанның орта мерзімді перспективадағы экономикалық өсу қарқынының болжамы алдыңғы күтулерге қарағанда біршама жақсы.


Мұнай өндірудің күтілетін көлемі 2018 жылы 90 млн. тоннаны және 2019 жылы 91 млн тоннаны құрайды.


Сыртқы сұраныстың көрсеткіштері Еуроаймақ және Қытай экономикаларының өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты төмендеу жағына қарай қайта қаралды.


Тауарлар экспорты 2018 жылы мұнайдың неғұрлым жоғары орташа жылдық бағасы есебінен $60,4 млрд дейін 22,2%-ға өседі. 2019 жылы экспорттың болжанып отырған мұнайды өндіру көлемдері өсуінің баяулауына және 2019 жылы бағаның сценарийлік төмендеуіне байланысты $55.1 млрд дейін 8,8%-ға төмендеуі күтіледі.


Тауарлар импорты 2018 жылы $34,4 млрд. дейін 7,8%-ға және 2019 жылы $36 млрд. дейін 3,3%-ға өседі. Импорттың өсу қарқынының алдыңғы болжамдармен салыстырғанда неғұрлым төмен болуы болжамның бастапқы жорамалдарының өзгеруімен байланысты болды: жаңа тұтыну шылық кредиттерді берудің өсу қарқынының біраз баяулауы болжанады. Дегенмен де, тұтыну импортының жоғары деңгейі халықтың нақты кірістерінің ұлғаюы есебінен сақталатын болады. Бұл ретте, аралық және инвестициялық импорт бизнестің кірістерін қалыпқа келтіру, мемлекеттік бағдарламаларды, сондай-ақ басым жағдайда мұнай газ секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен өсуін жалғастырады.


naryk.kz




Көрілген: 392    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.12.2018, 21:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31