Нарық

Келешекте қандай мамандық иелері жоғары жалақы алады?

  •  © Baq.kz

    © Baq.kz

Мамандар бүгінде жоғары жалақы алып, болашақта жұмыссыз қалмайды деген мамандық түрлерін анықтады, деп хабарлайды  Baq.kz ақпарат агенттігі rbc.ru сайтына сілтеме жасап.


Болашақта табысы мол мамандық өкілдерінен сұхбат алу үшін rbc.ru басылымы HeadHunter компаниясының зерттеуіне жүгінді. Болашақтағы еңбек нарығында қандай мамандықтар табысты болмақ? Мамандар осы сауалдың жауабын анықтау үшін соңғы үш жылда жарияланған 13 рейтинг пен тізімді (олардың алтауы ағылшын, қалған жетеуі орыс тілінде) зерттеу нысаны ретінде алды. Осылардың ішінен ең көп таралған мамандық түрлері сараланып, олар туралы ақпарат «HeadHunter HR лига эксперттері» сотының мүшелеріне жолданды. Осы зерттеу аясында 54 сұхбат жүргізілді.


Нәтижесінде HeadHunter көзқарасымен алдағы он жылда табысты болады деген 15 мамандық алынды. Кейін РБК басылымы бүгінде жоғары жалақы алып, болашақта жұмыссыз қалмайды деген мамандық өкілдерімен сұхбаттасты.


HeadHunter нұсқасы бойынша «болашағы зор мамандықтар» тізімі:


1. Биоинженер

2. Энергияны қайта қалпына келтіру инженері

3. «Ақылды» орта жобасын құрастырушы

4. Робототехника саласындағы маман

5. Кибер қауіпсіздік саласындағы маман

6. Альтернативті энергетика саласындағы маман

7. Нейропсихолог

8. Биоинформатик

9. Бағдарламашы/құрастырушы

10. Инженер құрастырушы

11. 3D-басып шығару инженері

12. Гендік инженерия саласындағы маман

13. Виртуалды шындық дизайнері

14. Виртуалды шындық архитекторы

15. Биофармаколог


Юлия Пудова 30 жаста. Tsuru Robitics-те робототехниканы қолдану саласында менеджер болып жұмыс істейді. Дон мемлекеттік техникалық университетінің Роботехника және мехатроника кафедрасында білім алған. Айтуынша, әріптестері кемінде 70 мың рубль жалақы алады.


«Кәсіби көзқарасы қалыптасқан ресейлік инженерлерге эстетикалық талғам жетіспейді. Инженерия мен материалдардың өтімді болуына оның дизайны мен сыртқы көрінісі тікелей әсер етеді. Біздің инженерлеріміз күрделі модельдерді жақсы құрастырады. Бірақ, біз дизайн жағынан шетелдік өндірушілерден қалып қоямыз. Инженериядағы коллаборация және өнердің орны ерекше. Ресейлік инженерлердің осы нәрсені мойындайтындарына ризамын.



Менің міндетім – дронның сыртқы көрінісінің әдемі болуы мен оның дұрыс жұмыс істеуін қадағалау. Мысалы, біз дрон концепциясына ғана емес, оның костюміне де мән береміз. Біз алғаш рет Ресейде автоматтандырылған түрлі-түсті дрондар шоуын ұйымдастырдық. Оларға әдемі костюм қажет болды. Мұнымен қатар, әлем бойынша бірінші дрон-суретшілер шоуын жасадық. Ұшқышсыз дрон «Эволюция 2.1. Мәңгілік жастықпен қоштасу» атты шоу «Винзавод» аумағында ұйымдастырылды. Дәл қазір өнер мен технологияны ұштастырған бірнеше жоба аясында жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағыт ары қарай да дамитын болады. Ресейде жаңа технологияларға деген сұраныс жоғары болғандықтан, дизайнының әдемі болуын міндетті түрде қадағалауымыз қажет.


Аптасына 7 күн 24 сағат бойы жұмыс істеймін десем де болады. Жұмыстың жаңалықтарынан толықтай хабардар болып отыруым қажет: Көрмелер ұйымдастыру мен оларды жарнамалаудан бастап, құрастырушылармен әңгімелесуге дейін. Жұмыстан тыс уақытта дизайн мен технологиялар туралы кітаптар мен мақалалар оқимын. Бұдан өзге «Сколковтағы» Science and Art тақырыбындағы дәрістерге міндетті түрде барып жүрмін», - дейді Юлия Пудова. 




Көрілген: 1673    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.12.2017, 19:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30