Нарық

Келісім-шартпен жұмыс істейтіндер зейнетақы қорына ақша аудармаса айыппұл төлейді

  • © Flickr

    © Flickr

Енді келісім-шартпен жұмыс істейтіндер табысының 10 пайызын зейнетақы қорына аудармаса, айыппұл арқалайды. Бүгін қоғамда үлкен дау тудырған жаңа заңды түсіндірген Еңбек министрлігінің өкілдері сатылған пәтер мен автокөлік ақшасының бір бөлігін қорға жарна ретінде төлеу керек деген сөздің қайдан шыққанын да айтып берді.


- Қазақстандықтар өзінің үйін, машинасын сатса, ақшасының 10 пайызын БЖЗҚ салық ретінде төлеуі керек деген ақпарат елде түсінбестік туғызғаны анық. Сондықтан көптің наразылығынан сескенсе керек, даулы құжатты әзірлеген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңды мықтап түсіндіруге кірісті.


Айтуларынша, кез-келген адам өзінің дүние мүлкі: пәтер, көлігін сатса, ақшаның бір тиынын да зейнетақы қорына аударуға міндетті емес. Яғни заң тек келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін адамдарға негізделген. Құжатқа сай енді олар ай сайынғы жалақысының 10 пайызын қорға аударып отыруы тиіс. Ал оған дейін зейнетақы қорына ақша аудару-аудармау жағы қандай да бір мекеме, кәсіпорындарда штаттан тыс істейтін қызметкерлердің өз еркінде еді. Енді екі апта бұрын күшіне енген заңға сәйкес, табысының оннан бірін қартайған шағына деп жинауға міндеттеліп отыр. Өйтпесе, жауапқа тартылады.


СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:


- Әкімшілік заңда жазылған егер жеке тұлға уақтылы толық төлемесе 10 пайызды, айыппұл төленеді. Мысалы, ай сайын 2800 теңге төленуі керек болса, соның 10 пайызы айыппұл болады. 10 мың төлеуі керек болса, одан 1 мың теңге айыппұл төлейді.


Әрі тек келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін фрилансерлер ғана емес, адвокат, жеке сот орындаушысы, нотариус пен кәсіпкерлер де, табыс салығынан бөлек, зейнетақы төлемін беруі тиіс. Бір айта кетерлігі, осы заңды дайындаған шенеуніктер түсінбестіктің туындауына әлдебір сарапшының сөзіне сенген журналистер себеп дейді.


СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:


- Барышев деген азамат өзі жазып айтқан. Заңда дұрыс жазылмаған. Енді пәтер сатқаннан, машина сатқаннан бәрінен зейнет жарнасын аударуымыз керек деп. Сол кісіден басталды. Журналистердің бәрі сол кісіге сеніп, ақпаратты хабарды жариялаған.


-Енді дауға қалған министрлік сол жалған ақпарат таратқан адамды жаза тартқызбақшы. Ол үшін құзырлы орындарға шағымданып қойыпты. Ал заңдағы түсінбеушіліктер жақын күндері жойылады дейді вице-министр. Өйткені, келесі апта Үкімет қабылдайтын қаулыда, зейнетақы қорына 10 пайызды қандай жағдайда аудару керектігі бүге-шүгесіне дейін жазылмақ.


ktk.kz


 




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.08.2018, 09:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31