Нарық

ҚИК несие қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өтініштер қабылдауды бастады

  • © MILLIONER.KZ

    © MILLIONER.KZ

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы - Қазақстан Ипотекалық Компаниясы акционерлік қоғамы Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын (ипотекалық қарыздар) (бұдан әрі – Қайта қаржыландыру бағдарламасы) жүзеге асыру аясында өтініштер қабылдауды бастады.


Қайта қаржыландыру бағдарламасына халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын (әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың тізімі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында айқындалған) ҚР азаматтары, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 90 күннен астам мерзімі өткізілген берешегі бар азаматтар және шетел валютасында қарыздары бар азаматтар қатыса алады.


Бағдарламаның ережелеріне сай 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде берілген теңгедегі ипотекалық қарыздар қайта қаржыландыруға жатады, берешегі 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 36 470 000 теңгеден көп емес қарыздар, бір ғана жылжымайтын тұрғын үймен қамтамасыз етілген қарыздар (2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) және 2016 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей берілген шетел валютасындағы қарыздар.


Қайта қаржыландырудан кейінгі қарыз валютасы - теңге. Ұлттық валютада берілген қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3% -дан аспайды. Шетел валютасында берілген қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12% -дан аспайды, егер қолданыстағы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесі пайыздық мөлшерлеме 12% -дан аз болса, қарызды қайта қаржыландыру кезінде мөлшерлеме өспеуі тиіс, әлеуметтік осал санаттар үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3% -ды құрайтын болады.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 ақпандағы отырысының № 10 хаттамасымен мақұлданған «арнайы кезеңнің» экономикалық саясатының шараларын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысындағы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 87-тармағын орындау үшін бұрын әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген қайта қаржыландыру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 09.02.2018 жылғы № 633 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 10.01.2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау үшін 2018 жылғы 27 наурызда жаңа редакцияда бекітілді.


24.kz


 




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.05.2018, 15:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31