Нарық

ҚМГ жанармай бекеттеріндегі жағдай туралы айтып берді

  • © Sputnik / Серикжан Ковланбаев

    © Sputnik / Серикжан Ковланбаев

Қазақстанда көп сұранысқа ие болатын АИ-92 бензиніне қатысты жағдай осы аптада тұрақталады, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС даму жөніндегі басқарушы директоры Бақытжан Тасанбаев.


"Астана бойынша бензиннің сатылымы еркін жүріп жатыр, қорда екі мың тоннадан астам АИ-92 бензині бар. Бұл ретте екі мың тоннадан астам бензин Ресейден импортталды, тағы 800 тонна бензин жолда келе жатыр. Бензин сатылымы еш кедергісіз орындалып жатыр. Қазақстанға қатысты айтар болсақ, жалпы қорда 12 мың тонна бензин бар. қазіргі кезде еліміздегі зауыттардың бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескерсек, импорттың қамтамасыз етілуі қажет болып отыр. "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС 45 мың тонна ресейлік бензинді жеткізуге келісім жасады. Оның негізгі бөлігі осы аптада келіп жетеді", — деді Тасанбаев.

Ол қазіргі уақытта АИ-92 бензинінің бір литрі 157 теңге, ал алдағы уақытта көп көлемдегі импорттың Ресейден әкелуіне байланысты баға көрсеткіштерінде өзгерістер болуы мүмкін екенін атап өтті.


"Қазақстандық және ресейлік өнімнің үлес салмағына қатысты бағаның өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бензин бағасы қазақстандық және ресейлік бағаға және олардың жеткізу теңгеріміне байланысты болады. "Ең жоғары" бағаның қандай болатынын нақты айта алмаймын. Алдағы қысқа мерзімде бензиннің қымбаттауы болады", — деп қосты Тасанбаев.


Қыркүйек айының аяғымен қазан айының басында көп сұранысқа ие болатын АИ-92 бензинінің бағасы өсті. Ал, шамалы уақыттан кейін, еліміздің көптеген жанармай бекеттерінде АИ-92 бензинін қолма-қол ақшаға сатып алу мүмкін емес болды.


Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, қараша-желтоқсан айларында бұл жағдай да, бензин бағасы да тұрақталады.


Sputnik




 




Көрілген: 468    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 16.10.2017, 21:45

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30