Нарық

"Қорғаста" түрлі жасырын қоймалардан 16 тонна контрабандалық тауар табылды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Шекара қызметкерлерінің 27 сәуірде таңғы уақытта "Қорғас" ШЫХО аумағында жүргізген іс-шараларының барысында "Алтынкөл" кеден бекетінен кеден бақылауынан жасырылған (жалпы салмағы 5 525 келі болатын 277 тауар) халық тұтынатын тауарлар табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қорғас" ШЫХО "Алтынкөл" кеден бекетіндегі бас маман хабарлады.



Тауарлардың барлығы кәріз люктерінде жасырылған. Барлық тауар тәркіленіп, уақытша сақтау қоймасына көшірілді. "Жергілікті тұрғындар тауарларды уақытша сақтау қоймасына көшіру кезінде шекара қызметкерлері мен кеден қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Түсіндірме жұмыстары жүргізілген соң жағдай тұрақталды. Барлық тауар қоймаға көшірілді, қазіргі уақытта осы тауарларға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр", - деді кеден қызметкері.



"Мұндай іс-шаралар күнделікті жүргізіліп отырады. 22-27 сәуір аралығында ұсталған тауарлардың жалпы салмағы 16 тонна 4631 келіге жетті", - дейді ол.


 




Көрілген: 801    Пікірлер: 0

сенбі, 28.04.2018, 16:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31