Нарық

Қостанайлық кәсіпкер ауылына ай сайын екі жарым млн теңге бөліп тұрады

  • © 24.kz

    © 24.kz

Табыс еселену үшін ең алдымен еңбеккердің жағдайын жасап, елден көмегіңді аяма! Бұл – қостанайлық кәсіпкер Геннадий Кригердің өмірлік ұстанымы.


Ол әлеуметтің игілігі үшін қаржысын да, қажырын да аяған емес. Бүгінде бастауыш мектепке айналған ғимарат үш жыл бұрын ауылдың сәнін бұзып, қирап, қаңырап бос тұратын. Ал Гурьянов ауылының балғындары аудан орталығына қатынап оқыды. Жергілікті кәсіпкердің жәрдемі арқасында нысанға «жан бітті». Қазір мұнда 14 бала екі ауысыммен оқиды. Оның сыртында шағын орталықта бес балдырған тәрбиеленеді. Мектеп жылы, жарық, көрнекіліктері толық, жиһаздары жаңа.


Роза Әлкеева, Гурьянов бастауыш мектебінің директоры:


- Мектеп үйдің іргесінде, оқушылар бұрынғыдай орталыққа сабылып әуре болмайды. Ғимарат барлық талаптарға сай келеді. Еліміздегі оқу үдерісіне сай білім беріп жатырмыз. Қосымша сабақ, қоғамдық шаралар да осында өткізіледі.


Ауылдың дәрігерлік пункті де осында орналасқан. Ғимараттың жылуы мен жарығы шаруашылықтың мойнында. Ал шаруашылық басшысы Қарабалық ауданы тұрғындары үшін арнайы қаражат бөліп, дәрі-дәрмекті он бес пайыз жеңілдікпен сатады.


Надежда Горбунова, Қарабалық ауылының тұрғыны:


- Өзім зейнеткермін, дәріні осы жерден аламын. Айына 3 мың теңге үнемдеймін. Бұл әжептәуір қаражат. Оған қаншама азық-түлік алуға болады.


Кәсіпкер жерлестерінің игілігі үшін тұрақты түрде ай сайын екі жарым млн теңге бөліп тұрады. Оны тұрғындар арзан тауар түрінде тұтынады. Аудан халқын негізгі тағам түрімен қамтамасыз етуді көздеген кәсіпкер наубайхана мен шұжық цехын іске қосты. Ал бір ғана тұшпара цехының өзі 25 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл жерде күніне тоннаға жуық өнім дайындалады.


Геннадий Кригер, кәсіпкер:


- Біздің цех ең алдымен тағамның сапасына мән береді. Бұл да халыққа жасаған шапағатымыз деп білемін. Жұмысшыларды жоғары жалақымен қамтып, жеңілдікпен баспана береміз. Ұжым ұйымшыл, бізде еңбек етуге бәрі ынталы.


Көпсалалы шаруашылықта 170-ке тарта адам жұмыс істейді. Аудан орталығында шығарылған табиғи тағамдарға облыс көлемінде сұраныс артып келеді. Қарабалықта 40 жыл еңбек етіп, аудан экономикасына зор үлесін қосқан кәсіпкерге жерлестерінің құрметі шексіз.


24.kz


 




Көрілген: 480    Пікірлер: 0

сенбі, 23.12.2017, 17:02

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Наурыз, 17:07
Ең пайдалы бизнес

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30