Нарық

Криптовалюталар нарығы: Халықтың ақшасы шетелге кетіп жатыр

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

Қазақстанның блокчейн және криптовалюталар қауымдастығы электронды қаржыға қатысты заңнаманы тездетіп қабылдауға үндеп отыр. Онсыз xалықтың ақшасы шетелге кете береді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ұйым төрағасы Есет Бутиннің айтуынша, бүгінде қазақстандықтар басқа елдердің криптовалюталарын сатып алу арқылы сол мемлекеттерге өз ақшасын салып жатыр.


"Олар Ресей, АҚШ, Сингапур, Оңтүстік Корея нарықтарына шығып, криптовалюталарды сатып алуда. Бұл дегеніміз, Қазақстандағы ақша шетелге кетіп жатыр деген сөз. Әрине, ел экономикасы үшін ол жақсы жағдай емес. Ондай нарықты өзімізде жасау қажет. Ол үшін тиісті ережелерді, бақылау мен реттеу шараларын әзірлеп, криптовалюталар алаңдары мен биржаларын құрған маңызды. Токендерді доллармен емес, теңгемен саудалауға жағдай жасау қажет. Сонда қазақстандықтар табыс таба алады. Ең бастысы, ол ақша шетелге кетпейді", - деді Е.Бутин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.



Осы орайда ұйым басшысы өткен жылы Беларусьтің криптовалюталар нарығын заңдастырғанын еске алды.


Оның айтуынша, Минск қаласындағы жоғары теxнологиялар паркінде криптовалюталар мен токендерді саудалауға рұқсат берілді. Бұдан бөлек, заңды және жеке тұлғалар майнингпен айналыса алады. 2023 жылға дейін осы кәсіппен айналысатындар салықтан босатылды.


Осылайша, Беларусь криптовалюталар нарығын дамытуға белсене кірісті.


"Ал Ресей Федерациясы арнайы заңды қабылдауға әзірленіп жатыр. Шамамен, маусым айында олар криптовалюталар нарығына қатысты заңнаманы қабылдайды. Қазақстанға да қалыспау қажет. Себебі біз бәріміз бір одақтың ішінде отырмыз", - деп атап көрсетті Е.Бутин.


 




Көрілген: 333    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 04.01.2018, 18:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Желтоқсан 2017
    Qazcom мен Halyk bank бірігеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31