Нарық

Қыдырәлі Болманов құны 100 млн болатын бизнесіне кедергі келтіріп отырғандар туралы айтты

  • Фото: Нұржас Жақсыбай

    Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін Астана қаласында әнші әрі композиторлар Ерлан Көкеев пен Қыдырәлі Болмановтың қатысуымен кәсіпкерлер палатасының 32-ші отырысы өтті. Осы отырыс барысында елорда парктерінің бірінен Қыдырәлі Болмановтың бизнесін ығыстыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


2017 жылдың 1 маусымында Balbala Land ЖШС және «Астана қаласы Коммуналдық жекеменшік қоры» МКК өзара келісімшарт жасасқан. Осы келісімшарт негізінде 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Серіктестікке «Жерұйық» саябағынан Balbala Land кешенін салу үшін 500 шаршы метр көлемінде территория берілген.


Осыған орай Серіктестік аталған инфрақұрылымға 100 млн теңге көлемінде қаржы салған. Алайда 2018 жылдың 10 сәуірінде Қор өкілдері Серіктестікке келісімшартты біржақты бұзу туралы құжат жіберіп, территорияны 30 күн ішінде босатуды талап еткен.


2018 жылдың 11 сәуірінде аталған аумақтан Фонд кран көмегімен қымбат құралдарды демонтаж жасап, территорияны өзге адамдарға ұсынады. Яғни Қор келісімшартты бұзып қана қоймай, Серіктестікке мүліктік шығын келтіріп отыр. Сондай-ақ, консорциумның жұмыс істеу мерзімі бұзылып отыр.


Осыған орай, кеңес әкімдік пен прокуратураға хат жіберіп, «Астана қаласы Коммуналдық жекеменшік қорының» Balbala Land кешеніне қатысты қаншалықты заңды әрекеттер қолданып отырғандарын тексеріп көрмек.


Қазіргі уақытта халық пен билік өз бетінше күн көріп жүр. Бізге жұмылып, жұдырық болу жетіспейтін сияқты. Елбасы орта және кіші бизнесті дамыту туралы айтып келе жатқанына неше жылдың жүзі болды. Менің қай жобам болсын Елбасымыздың бастамасымен жасалған бағдарлама аясында жасалған десем – артық айтқандық емес. Осыны біреулер қолдап жатса, біреулер қорлап жатыр. Қарапайым мысал келтірейін: былтыр «Балбала әлемі» атты этносаябақ аштық. Ол жердегі батут – киізүй бейнесінде болды. Қоғамдық ортада осындай алаң болғанын, баланың айналасындағы дүниенің бәрі ұлттық нақышта болғанын қаладым, сол арқылы ұрпағымыз тамырынан ажырап қалмауын көздедім. Бұл ғылыми тілде «этнопсихология» деп аталады.


Этносаябақ ашылған кезде де қолдау білдірген бір билік өкілін көрген жоқпын, керісінше жақында ғана ол жерге рұқсатсыз басқа дүниелер салынып жатқаны туралы хат келді. Бұл қаншалықты әділетті? Ол жай ғана кәсіп емес, ұлттық құндылығы бар бизнес. Оған қаншама қаржы, қаншама уақыт кетті, енді соны ығыстырудың не қажеті бар? «Қандай әдемі» деп бір сәтке тамсана қарайтын киізүй пішінді батутты жасату үшін бір жыл уақыт кетті, өйткені ондай пішіндегі батут әлемде жоқ. Оны жасату үшін әдеттегі батутты жасатуға қарағанда бес есе көп шығын кетеді. Осындай кезде ешкім ешқандай көмек көрсетпей қойсын, бірақ бастаған ісіме кедергі келтірмесе екен деп тілейсің», - дейді Қыдырәлі Болманов Baq.kz тілшісіне берген сұхбатында.


 


 




Көрілген: 1796    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.05.2018, 18:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30