Нарық

Қырғызстан Қазақстанның ұнына салынған шектеудің күшін жойды

  • azh.kz

    azh.kz

Қырғыз Республикасы Қазақстан, Армения, Беларусь және Ресейден ұнның жеткізілуіне салынған шектеуді алып тастады, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.


Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің Қырғызстанға ұн мен бидай тасымалдайтын кәсіпкерлері үшін бірдей салық шарттары бекітілді.


"Біз Қырғыз Республикасының ЕАОЭ-ның ішкі нарығында кедергілерді жою бойынша қабылдаған шешімдерін қолдаймыз және тек бірлесе күш салсақ қана Одағымыздың шектеулер мен кедергілерсіз толыққанды жұмыс істеуіне қол жеткізе аламыз деп есептейміз", — деді ЕЭК өкілі Карине Минасян.


Өткен жылдан бастап Одақ елдерінен жеткізілген ұнға 12% бойынша қосылған құн салығы салынып келді. Ал импорттық бидайдан өндірілген ұнды сату салықтан босатылды.


Еуразиялық экономикалық комиссия атап өткендей, Қырғызстан заңнамасының бұл тармағы ЕАОЭ туралы шарттың талаптарын бұзып келді.


Салық жеңілдіктерін алып тастаған Қырғыз Республикасының № 194 заңы 16 желтоқсанда күшіне енді.


Sputnik


 


 




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

сенбі, 23.12.2017, 13:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31