Нарық

Қырғызстаннан елімізге келген сапасыз тауарлар кері қайтарылды

  • Қырғызстаннан елімізге келген сапасыз тауарлар кері қайтарылды

    Қырғызстаннан елімізге келген сапасыз тауарлар кері қайтарылды

Жамбыл облысындағы шекара бекетінде тәртіп күшейгеннен кейін «саны бар, сапасы жоқ» тауарлардың жолы кесілді, – деп хабарлайды Хабар 24.

Соңғы 10-15 күннің ішінде Қырғызстаннан елімізге өтпек болған 700 жүк көлігінде тауарлардың сапасы кедендік талапқа сай болмай шығып, кері қайтарылған. Саясаттанушылар екі ел арасындағы шекаралық тәртіп кедендік нормаға бағынуы шарт екенін айтады. Өйткені көршіміздің еліміз арқылы тасымалдайтын тауарларының жартысынан көбі басқа мемлекеттерге экспортталады.


«Шекара бекетінде бақылау болмаса, Кедендік одақ елдері зардап шегуі мүмкін. …Біз ортақ талаптарға сәйкес жұмыс істеуіміз керек. Және Қырғызстан мемлекетіне айтылды. «Егер сіздер Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ фитосанитариялық, санитариялық, кедендік талаптарының барлығын орындамасаңыздар, онда сіздерге үлкен санкция қойылады», – деп айтылды», – дейді саясаттанушы Саин Борбасов. 




Көрілген: 589    Пікірлер: 6
Пікірлерді оқу (6) preloader

сенбі, 04.11.2017, 16:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30