Нарық

Қытайлық инвесторлар Сырдарияның сол жағалауында құрылыс салмақ

  • © egemen.kz

    © egemen.kz

Қызылордада облыс әкімдігі мен «Джинан Сиян Констракшн Групп ЛТД» компаниясы арасында Сырдарияның сол жағалауында тұрғын үй салу туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қытай Халық Республикасының инвесторларымен кездесіп, оларға аймағымыздың инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндап берді.


«Біз кез келген тиімді идеялар мен жобаларды қолдап, инвесторлардың нәтижелі жұмыс жасауына барлық жағдай жасауға дайынбыз. Сіздер сол жағалауда құрылыс салуға қызығушылық танытқандарыңызды білеміз, сондықтан бөлінетін жер учаскелеріне қажетті инфрақұрылымды тартуды өз жауапкершілігімізге аламыз және бірлескен жұмыс барысында жан-жақты қолдау көрсететінімізді атап өткім келеді», - деді аймақ басшысы.


Өз кезегінде, «Джинан Сиян Констракшн Групп ЛТД» компаниясының бас директоры Лан Лисяо әріптестік орнатқанына қуанышты екенін жеткізіп, ұзақ мерзімді бірлесе жұмыс жасауға ниет білдірді.


Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қараша айында «Баоньбао» Синьцзян сауда компаниясы» ЖШҚ басқарма төрағасы Лю Вэй ханым бастаған ҚХР делегациясы ІХ халықаралық «Байқоңыр Инвест» форумына қатысып, бірлесе жүзеге асыру үшін 5 жоба таңдаған болатын (Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу және пайдалану, Қармақшы және Жаңақорған аудандарында құс фабрикаларын салу, Қызылорда қаласының сол жағалауында құрылысын салу және «KazPump» ЖШС электр қондырғылары).


Бұл жобалар бойынша жұмыс алдағы уақытта басталмақ.


egemen.kz

 




Көрілген: 590    Пікірлер: 0

сенбі, 23.12.2017, 16:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30