Нарық

Қызылордада жыл соңына дейін 12 жоба жүзеге асырылады

  • Қызылордада жыл соңына дейін 12 жоба жүзеге асырылады

    Қызылордада жыл соңына дейін 12 жоба жүзеге асырылады

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімдігі мен ForteBank арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында айтылды.

«Елбасының тапсырмасы аясында Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Аймақтағы бизнесті дамытуда еліміздің ең тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан банктерінің бірі ForteBank те маңызды рөл атқарады», - деп атап өтті Қырымбек Көшербаев.



Аймақ басшысының айтуынша 10 қазан күні ашылған филиалдың жаңа кеңсесі тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсартып қана қоймай, қала үшін қайталанбас сәулет келбетін беретін болады.


«Өткен жылдың мамыр айында біз Қызылорда қаласындағы филиалдың құрылысын бастадық және бүгін оны таныстырғанымызға қуаныштымыз. Біздің кеңселеріміз The Financial Brand басылымының нұсқасы бойынша әлемдегі банк бөлімшелерінің үздік дизайндарының қатарында атап өтілді. Біз жаңа сервистерді құра отырып, инновациялар мен технологияларға үлкен көңіл бөлеміз, кезекті барынша азайтуға және банк пен тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау үдерісін барынша жағымды, жайлы және пайдалы етуге тырысамыз», деді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.



ForteBank «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады, ал Қызылорда облысындағы филиал бөлінген қаражатты игеру қарқыны бойынша бірнеше рет көшбасшы үштігіне кірді.


2017 жылдың қорытындысы бойынша филиал мақұлданған жобалардың саны мен сомасы бойынша облыстың Екінші деңгейдегі банктері арасында екінші орынға ие болды. 2018 жылы филиал 300 млн. теңгеге 9 жобаны қаржыландырды. Қазір жалпы құны 1 млрд. теңгеден асатын 12 жоба бар. Олар ағымдағы жылдың соңына дейін қарастырылып, іске асырылмақ.


 




Көрілген: 208    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 10:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31