Нарық

Медициналық сақтандыру қоры тегін қызмет көрсеткен ұйымдарға 325,2 млрд теңге бөлді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 325,2 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қордың басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекованың айтуынша, 6 маусымға дейін Қормен келісімшарт бекіткен медицина мекемелеріне 325,2 млрд теңге берілген.


«Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсету бойынша бекітілген келісімшарт аясында жүзеге асты. Қаражат шарттың жалпы сомасының 47 пайызына тең», - деді Ботагөз Жақселекова.


Айта кетерлігі, Медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмек және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Биыл Қор мен емдеу мекемелері арасында халыққа тегін медициналық көмек көрсету бойынша жалпы сомасы 698,9 млрд теңге болатын келісімшарттар бекітілген.


«Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.


Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 1359 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 599-ы - жекеменшік клиникалар. 2017 жылмен салыстырғанда жеткізуші компаниялар саны едәуір көбейген.


Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артып, 93 млрд теңгені құрады.


 




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 14:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31