Нарық

Мемлекеттік кірістер комитеті кеденшілердің ұсталуына орай ішкі тексеруді бастады

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Мемлекеттік кірістер комитеті арнайы операция кезінде Қазақстанның кеден органдарының 19 қызметкері ұсталуына байланысты ішкі тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлады осы құрылымның басшысы Ардақ Теңгебаев жұма күні.


Сегіз ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы операцияны 15-16 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Бас прокуратура басшылығымен жүргізген болатын. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында 35 адам ұсталған, олардың арасында екі Қырғызстан азаматы бар. Сот 33 ұсталған адамды қамауға алды, олардың бәрі – кеденшілер, шекарашылар, брокерлер, делдалдар мен ҰҚТ мүшелері.


"Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарының кедендік органдарының қызметкерлері ұсталды, әзірше бүкіл дерек қолымызда жоқ, бірақ бұл тауарды контрабандалық жолмен елге кіргізуге байланысты, сол себепті тергеу жүргізіліп жатыр. Біз ақпарат алған бойда ішкі тексеруді бастап кеттік", — деді Теңгебаев тілшілерге.


Ұсталған кеденшілердің нақты саны – 19 адам.


Sputnik


 


 




Көрілген: 645    Пікірлер: 0

жұма, 23.02.2018, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30