Нарық

Мемлекеттік қызметшілер жеңілдікпен баспана алады - Алик Шпекбаев

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанның мемлекеттік қызметшілеріне баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңірлердегі сауықтыруда жеңілдіктер беру шаралары әзірленіп жатыр.


Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


"Қазіргі уақытта агенттік Президент әкімшілігінің қолдауымен мемлекеттік қызметшілерге баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңірлердегі сауықтыруға жағдай жасау үшін жеңілдіктер беру шараларын әзірлеп жатыр. Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы, "7-20-25" бағдарламасы бар. Дегенмен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге бағытталған «5-5-25» бағдарламасы жасалуда. Менің ойымша, бұл тәсілдер мемлекеттік қызмет үшін қолайлы болады", - деді Алик Шпекбаев Астанада мемлекеттік қызметті жетілдіруге арналған халықаралық конференцияда.



Бұған дейін Алик Шпекбаев 2019 жылдан бастап, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы жаңа жүйемен төленетінін, еңбекақының едәуір ұлғаятынын хабарлаған еді.


 




Көрілген: 788    Пікірлер: 0

жұма, 08.06.2018, 15:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31