Нарық

Мемлекеттік органдар алты айда 677 млн теңгеге шетелден көлік сатып алған

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Қазақстанның автокөлік кәсіпорындарының одағы жыл басынан бері сатып алынған ең қымбат қызметтік көліктің бағасын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.


«Соңғы алты айда болған тендерлерді алып қарасақ, ең қымбат көлік ол - Тойота Лэнд Крузер 200. Оның екі данасын ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты «Қазақавтожол» РМК-сы сатып алды.

Әрбіреуінің бағасы 27 миллион теңгеден жоғары болып тұр. Алты айдың қорытындысы бойынша бұл - ең қымбат қызметтік көліктер. Негізі, одан да қымбат көліктер бар ғой. Мысалы, Мерседес С-класс. Былтыр мемлекеттік органдар аталған көліктерді сатып алған болатын. Бағасы да аз болған жоқ», - деді О.Алферов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.


Одақ басшысының айтуынша, мемтекеттік қызметкерлер отандық көліктерді ала бастаған.


"Астанада аталған өзгеріс қатты байқалмайтын шығар. Дегенмен, аймақтарда тендер кезінде отандық көліктерді көптеп алады. Оны бірден байқауға болады. Ал ауылда таза өзіміздің көліктер жүреді", - деп атап көрсетті О.Алферов.

Бұдан бөлекн бүгін өткен баспасөз мәслиxатында Алферов мырза мемлекеттік органдар шетелдік көліктерді сатып алуға қанша қаражат жұмсағанын айтты.


Айтуынша, биыл алты айда мемлекеттік органдарға тек 92 көлік қана шетелден жеткізілді. Оған 677 млн теңге кеткен. Ал өткен жылдың бірінші жартыжылдығында 375 шетелдік көлік сатып алу үшін бюджеттен 4 млрд теңге жұмсалыпты. 




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.07.2018, 16:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31