Нарық

Миллиардер криптовалюта болашағы туралы: Биткоин алтынды алмастырады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Байлығы биткоинмен есептегенде миллиард долларды құрайтын Кэмерон Уинклвосс, алдағы уақытта криптовлютаның 20 есеге өсетіндігін болжады, деп жазады Bloomberg.


Еске сала кетейік, америкалық егіздер Тайлер мен Кэмерон Уинклвосстар әлемдегі тұңғыш биткойндық миллиардер атанғандығы туралы біз бұған дейін хабарлаған болатынбыз.


Bloomberg-ге берген сұхбатында Биткоинды миллиардер Уинклвосс мұндай есепті, өз ойынша қазіргі құны 6 триллион долларды құрайтын нарықтағы алтын бағасына негіздеп жасағандығын айтты.


Оның пікірінше, болашақта биткоин алтынды алмастырып, ағасы Тайлер екеуі криптоволюталық операцияларды жалғастыра бермек. Сонымен қатар ол, өзінің байлығы, қолында қанша биткоин бар екені туралы нақты мәлімет беруден бас тартты.


Ағайынды егіздер - Тайлер және Кэмерон Уинклвосстар өздерінің HarvardConnection атты әлеуметтік желі жобаларын 2003 жылы Гарвард университетінің студенттері болып жүргенде бастаған. Кейін олар бұл жобаға Марк Цукербергті жалдаған.


Екі айдың ішінде Цукерберг жұмыс берушілерімен емес, Эдуардо Саверинмен бірлесіп өзінің жеке әлеуметтік желісін дүниеге әкелген болатын.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 795    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.12.2017, 17:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31