Нарық

Миллионердің әңгімесі: бизнес бастаймын деп алданып қалғанмын

  • Миллионердің әңгімесі: бизнес бастаймын деп алданып қалғанмын

    Миллионердің әңгімесі: бизнес бастаймын деп алданып қалғанмын

Бизнес бастау туралы студент кезде ойлана бастадым. Бірақ не істеуге болады, ақшаны қайтадан аламын, қиын сұрақ еді. Өзім оқып жүрген журналистикада «нан табу» қиын сияқты. 3 курста газетке практикаға барған едім, сол жердегі ағаларымыздың бірі «бала, жассың, есің барда ақша табатын жерге бар. Журналистикада қадір қалмады ғой қазір» деді. Өмір бойы армандаған журналистикаға махаббатың өшуіне бұл сөз одан әрі әсер етті.

Бір күні маркетинг деген пәннен сабақ беретін мұғалім бизнес жоспар жазып келуді тапсырды. Жарнама агенттігін ашу туралы жазып барып едім, мұғалімге ұнаған болуы керек, сабақтан соң алып қалып, «мынаны бастауға бола ма?», деді. Бұрын бастап көрмесем де, «неге болмасын, бастысы бастау керек», деп соғып жібердім. Ақыры сол сабақтан екеуміз бизнес серіктес болып шықтық.


Ол кісінің атына ЖК тіркеп, сыртқа рәсімдеумен айналысатын болдық. Бір танысымыз шетелге кетіп бара жатыр екен, соның кішкентай кеңсесін жалға алып қалдық. 3 мың долларға компьютер, принтер сияқты жұмысқа қажетті заттарды алдық. Менің жұмысым кеңседе отырып алып, жан-жаққа ұсыныс борату. Одан қалса көше аралап, дүкен, кафелерге безендіру бойынша ұсыныс жасау. Ұсынысым көбіне өтеді. Өйткені алдымен сыртынан суретке түсіріп алып, кеңсеге келіп, мына жеріне жарнама ілсе болады, былай рәсімдеуге келеді-ау дегенді өз қиялыммен Corel мен фотошоппен сызып шығамын. Екі бағдарламаны өз бетімше үйреніп алғанмын. Жасаған жұмысымның сапасы нашарлау, бірақ, аз болса да тапсырыс түседі. Жалға алған жерді жауып, жолға қалады. Бір күні оқу бітіп жатқан студенттерден альбом шығарып беруге тапсырыс алып, сапасы нашар шығып, таяқ жегенім бар. Аграрлық университеттің бұзықтарына тап болыппын.


Кейінірек нәпақа аз болған соң «серіктесім мұғалімнің» қызығушылығы азая бастады. Бір күні табыс болмаса мына істі жабу керегін айтты. Қатырамын деп алып, аяғы мынандай болғанға ұялдым. Бастаған істі мойыныммен көтеру керек. «Салған ақшаңызды маған нотариус арқылы қарыз деп рәсімдейік, сізге бір жылда қайтарамын», дедім. Солай келісіп, өз атыма ЖК тіркедім де, бұрынғы кеңсені қайтарып, базардан бутик алдым. Базардың ішіндегі бутиктерді рәсімдеу, ең болмаса қағазды ксерокөшірме жасаудан күніне 4-5 мың түседі. Студент үшін бұл жететін сома.


Болмасыз іспен жүре берер ме едім, бір күні базарда оралман жігіттермен танысып қалдым. Құлжадан келіпті. «Қазақстанның нарығын білмейміз. Алматыға компьютер сатумен айналыссақ деп келгенбіз. Қазір бірнеше затымыз өтпей туыстарымыздың үйінде жатыр», дейді. Дереу алдырып, таныстарға сатып жібердік. Бұған қуанып қалған олар «бірігіп жұмыс жасайық», деп жабыса кетті. Апама жездем сай, мақұл дедім. Олар компьютер жеткізеді, мен сатып жіберемін. Алдымен таныс-туыстарға сататынбыз. Кейін бірінен бірі естіп адамдар келе бастады. Жұмысымыз өрлей бастады.


Қасыма сыныптасымды көмекшілікке алдым. Бір жолы «аға, сол жақта бірнеше танысымыз бар, тауар алып жүрміз, заңды тұлға ретінде келісіп, үлкен көлемде тауарды алдымен алып, кейін ақшасын беріп тұруға шарт жасасайық» деген соң Құлжаға барып келдік. Жолай «аға, таныс ұйғыр жігіт бар, тауарды қарызға аламыз деп шарт жасасып, лақтырып кетсек те болады» деп бірнеше рет айтып қалды. Мән бермеппін. Сол кезде мән бергенімде… Әрине, ұйғыр жігіт асханаға апарып, тамағын беріп, сыйлағанымен қарызға компьютер бермеді. Бізден аңқау болсын ба?) Қолымыздағы ақшаға алып қайттық. Шекарадан тоңазтқыштың қорабына салып, сүйреп өттік.


Біртіндеп ісіміз өрлей бастаған соң, серіктестеріміз «тендер алайық», деді. Бір танысым колледжде директордың орынбасары еді, айналдырып жүріп, 30 компьютерге тендер алдық. Тапсырыстың дәл жартысы 15 мың доллар шотқа түскен соң, екі серіктесіммен Қытай астым. Бұл жолы Мұңғылкүре деген жерге туыстарына апарды. Мені туыстарына таныстырып, бір-екі күн болдық. Бұдан соң Үрімжі астық. Қытай көргеніме мәзбін.


Барған бетте екі жігіт маған құрылысы жаңа біткен үйден пәтер жалға алып беріп, «аға біз ішкі Қытайдан тауарды алып келейік, ол жақта мұннан екі есе арзан, сіз еркін демалып, сауңаға барып жата беріңіз»,- деді. Бір інілеріне тапсырып қойған. Ол күніне бір-екі рет соғып кетеді. Үрімжіні аралап, жата бердім. Әлгілер жоқ.


Күндердің күні жағдайды білейін деп, Алматыға қоңырау шалсам сыныптасым «сататын түк жоқ, бос жатырмын», дейді. Біз кеткенде біраз зат қалған. Жылдам сатып жіберген екен деп қуанып, «ақшасын салып жібер, тауар алып өтейік», десем, «ақша жоқ, сендер кеткеннен кейін бір апта өткенде екеуі келіп, ақша керек болып жатыр, мыналарды жылдам сатып жіберейік, деп біздегі бар тауарды арзанға саттық», деп қарап отыр. Кеңседе бар жұмысқа қажетті компьютер, принтерге, тауарды қоятын сөреге дейін сатқызып жіберіпті. Санымды бірақ соқтым. Екеуі алдап кетті. Бірден Алматыға тартуға тура келді.


Келген соң қарызданып жүріп, жергілікті компаниядан 30 компьютерді орнына қойып, құтылуға тура келді. Қарызды біраз жыл төледім. Оқуын жаңа бітірген маған бұл кәдімгідей шок болды. Сол қарыз үшін сотқа баруға, таныстарым, туыстарыма жаманатты болуға тура келді. Шала бизнессымақ осылай бастап, осылай аяқталды.


Кейін өз мамандығыма оралуға тура келді. Қазір миллиондаған айналымы бар үлкен бизнесім бар. Сонау жылдардағы ісімді есіме алсам күлкім келеді. Бірақ мықты тәжірибе болды. Қарызды қайтару үшін уақытты үнемдеу, бірнеше жерде жұмыс істеу, ақша табу үшін миды істету, жоспарлау сияқты кәсіпкерге қажетті әдеттерді сол жылдары бойыма жинадым. Кейін қайта бизнес бастағанда мұның үлкен көмегі тиді.


Қазір жақсы ғой, жеке болсын, мемлекеттік болсын курстар, тренингтер көп. Бизнес бастағың келсе ақыл сұрай аласың. Мүмкін сол кзеде де болған шығар. Бірақ менде ол туралы ақпарат болмады.


Айтпақшы кейін әлгілердің ізіне түссем біреуі Қазақстанға оралып, үйленіпті. Мені Мұңғұлкүредегі туыстарына апарған кезде туыстарына «мына кісі Қазақстаннан келді, кәсіпкер, сәл ақшасы жетпей тұр», деп үлкен көлемде ақша алып, кейін «мені әлгі кісі лақтырып кетті», деп әлгі ақшаны қалтасына басып кетсе керек. 


7kun.kz




Көрілген: 760    Пікірлер: 0

жұма, 26.01.2018, 10:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30