Нарық

Министр бала күтіміне төленетін жәрдемақыға бөлінген қаржы неге азайғанын айтты

  • © Today.kz

    © Today.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова бала туғанда және бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақыға республикалық бюджеттен қарастырылған қаражаттың неге азайғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Сенатта үш жылдық республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын талқылау барысында депутат Динар Нөкетаева министрден әлеуметтік салаға бөлінетін қаржының неге 5 млрд 720 млн теңге қысқартылып отырғанын сұрады. Оның ішінде бала туғанда төленетін бір реттік төлемақы мен бір жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақыға қарастырылған қаржы көлемі азайған.


"Мұны қалай түсінуге болады? Көрші мемлекеттерде бала туғанда көрсетілетін қолдау жылдан-жылға жақсарып отыр. Сәби дүниеге келгенде, оның күтіміне бөлінетін қаражатты жылдан-жылға көбейту арқылы балалы болуды үлкен мәртебеге айналдыруда. Ал біз неге оны керісінше қысқартуымыз қажет? Айталық, Ресейде ана капиталы деген бар емес пе? Балаға, анаға берілетін қаражатты қысқарту арқылы бала санын қалай көбейтеміз және демографияны қалай көтереміз?" — деді сенатор.


Мадина Әбілқасымова әлеуметтік салаға бөлінетін бюджет қаражатының неге азайтылып отырғанын түсіндірді.


"Біріншіден, бала туғанда берілетін бір жолғы төлемақы мен бір жасқа дейінгі бала күтіміне ай сайынғы жәрдемақы алушылардың болжамды санының азаюына байланысты шығыстар 2,7 млрд теңгеге қысқартылды. Бюджетті жоспарлаған кезде 5 жыл бойы бала туу динамикасының өскенін есепке алған едік. Бірақ 2017 жылды алып қарасақ, бала туу 19 мыңға азайды. Биыл осы жәрдемақыны алатын адамдардың саны тағы да азаяды деп күтіп отырмыз. Шығыстарды қарастырғанда 5 жылдың динамикасын алғанбыз, бірақ 2017 жылдың қорытындысы бойынша біздің болжамымыз өзгерді", — деді ол.


Министрдің айтуынша, бұл мақсатқа бөлінетін қаржы қысқарғанымен, жәрдемақы саны мен оның мөлшері өзгермейді. Ол қазір көп әйелдің жұмысқа орналасып, бала күтіміне байланысты төлемдерді әлеуметтік сақтандыру қорынан алып жатқанын атап өтті. Ал қордан алса, төлемақы мөлшері үлкен болады.


"Екіншіден, төрт балалы отбасыларда 1-ші және 2-ші балаға алған төлемдердің мөлшері аздау болады, ал 3-ші мен 4-ші балаға үлкен болады. Қазіргі біздің болжамымыз бойынша, 3 және 4-ші бала туғанда берілетін төлемдер кішкене азайды. Себебі 1-2 балалы отбасылар саны көбейді. Сондықтан шығыстарды кішкене қысқарттық. Бірақ мөлшері бірқалыпта қалып, өсіп жатыр", — деді Әбілқасымова.


 


 




Көрілген: 1223    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.04.2018, 16:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31