Нарық

Министр инфляцияның өсуіне ықпал етуі мүмкін факторларды атады

  • © Sputnik / Владимир Трефилов

    © Sputnik / Владимир Трефилов

Ұлттық экономика министрлігінің болжамы бойынша жыл соңына дейін бірқатар тәуекелдерге байланысты инфляциялық процестер күшеюі мүмкін. Инфляция деңгейін жоспарланған 6,9-7,5% деңгейінде сақтау үшін мемлекеттік органдар қажетті іс-шараларды қабылдау қажет, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.


"Жылдың басынан бері инфляциялық процестердің бәсеңдегені байқалып отыр. Қыркүйекте инфляция деңгейі 0,3%, жыл басынан бері 4,2%-ды құрады. Бәсеңдеудің негізгі факторлары валюта нарығындағы жағдайдың тұрақтануы, нарықтың инфляциялық болжамының қалыты болуы, сонымен қатар азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша өнім шығарудың өсуі болды. Мәселен, соңғы үш айда азық-түлік тауарларының бағасы төмендеуде. Бұл ретте азық-түлік емес тауарлардың бағасы тамыз бен қыркүйекте өсе бастады. Ақылы қызметтер мен тарифтердің бағасы орташа қарқынмен өсуде", — деп баяндады Ұлттық экономка министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысында.


Осылайша, жыл басынан бері азық-түлік бағасы 3,1%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 5,5%-ға және ақылы қызметтер 4,3%-ға өскен.


Министрдің айтуынша, өңірлер бойынша жыл басынан бері облыстардың көбінде инфляция төмен деңгейде сақталып отыр. Дегенмен 5 өңірде инфляция орташа республикалық деңгейден жоғары. Бұл Атырау (6,0%), Солтүстік Қазақстан (5,0%), Павлодар (4,9%), Оңтүстік Қазақстан (4,8%) облыстары және Астана (4,6%) қаласы.


"Наурыз-қыркүйек арасында инфляция деңгейінің тұрақты болуына қарамастан, жыл соңына дейін бірқатар тәуекелдерге байланысты инфляциялық процестер күшеюі мүмкін. Біріншіден, маусымдық факторлар мен мерекелік күндерге байланысты әдеттегідей төртінші тоқсанда жеміс-көкөніс және ауыл шаруашылығы өнімдері бағасы өседі. Екіншіден, Павлодар мұнай өңдеу зауытында 20 қыркүйектен 25 қазанға дейін жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты бензин бағасы негізсіз өсуі мүмкін. Бұл өзге тұтыну тауарлары мен қызметтердің қымбаттауына ықпал етеді. Үшіншіден, жылу маусымы кезінде кейбір өңірлерде қатты отынның бағасы күрт өсіп отыр. Мысалы, қыркүйекте Астанада 19,0%-ға, Алматы облысында 16,4%-ға және Ақмола обласында 10,6%-ға өсті. Ал басқа өңірлерде қатты отын бағасы тұрақты сақталуда", — деді Сүлейменов.


Айтуынша, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары мен қызметтердің бағасы мен тарифінің негізсіз өсуіне жол бермеу үшін мемлекеттік органдар тиісті іс-шаралар қабылдау қажет. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 6,9-7,5% шамасында болады.




 




Көрілген: 641    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.10.2017, 10:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30