Нарық

Мұнай бағасы қымбаттай береді, бірақ теңгені құтқара алмаймыз – сарапшы

  • Мұнай бағасы қымбаттай береді, бірақ теңгені құтқара алмаймыз – сарапшы

    Мұнай бағасы қымбаттай береді, бірақ теңгені құтқара алмаймыз – сарапшы

ОПЕК елдері әлемдегі мұнай сұранысын толық қанағаттандыра алмай жатыр. Ал, АҚШ президенті Дональд Трамп болса Сауд Арабиясына "қара алтын" өндірісінің көлемін ұлғайтуды тапсырды. Бұл жайт мұнай бағасына қалай әсер етеді және ол теңгенің тұрақсыздығын тоқтата ала ма? Бұл жайында танымал экономист Арман Байғанов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.


Маманның айтуынша, соңғы 2-3 айда ОПЕК елдерінде тауар қоры таусылуға айналған. Ал, мұнайға деген сұраныс күннен күнге жоғарылап келеді. Демек, биыл оның бір баррелі 80 долларға дейін өсуі мүмкін.


"Венесуэла мен ОПЕК-тің өзге елдері бетпе-бет келген жағымсыз жайттар нарықтағы мұнай тапшылығын тудырды. Өндіруші елдер өндіріс көлемін арттырып үлгере алмауда. Әлемдегі мұнай өндірісінің 10 пайызын алып жатқан АҚШ-тың өзі дефициттен құтыла алмай отыр. Енді болжамға сәйкес, биыл мұнайдың бір баррелі 80 долларға дейін өсуі керек", - дейді сарапшы.


Бірақ, оның пікірінше, мұнай бағасының өсуі теңгенің тұрақталуына еш әсер етпейді екен.


"Менің ойымша, теңге бағамы тұрақтала қоймайды. Өйткені, ресейлік рубль мұнайға қарамастан құлдырап барады. Ресейдің экономикасында да қазір проблемалар көп, алдағы 2 жылда мұнда ЖІӨ көрсеткші төмендейді деп күтілуде. Менің пікірімше, мұнай бағасы өссе де ұлттық валюта жыл соңына дейін 1 долларға шаққанда 350-360 теңгені құрауы мүмкін", - деп атап өтті Арман Байғанов.




Көрілген: 698    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.07.2018, 20:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30