Нарық

Назарбаев — «7-20-25»: Ұрлау деген болмасын

  • Назарбаев — «7-20-25»: Ұрлау деген болмасын

    Назарбаев — «7-20-25»: Ұрлау деген болмасын

 Назарбаев жаңа «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру кезінде шенеуніктерді «ұрламауға» шақырды.


«Партияластар, әкімдер, осы жерде отырған барлығыңызға айтарым — бағдарлама дұрыс жүзеге асырылуы керек, ұрлау деген болмасын. Кімге ақша бөлінсе, соған жетуі керек», — деді Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.


Президенттің айтуынша, бұл бағдарламаны жүзеге асыру құрылыс қарқынын арттырады, нәтижесінде бизнес дамиды.


«Құрылысқа материалдар керек. Мұның бәрін бизнес жасайды. Американы Форд мырза бастаған автомобиль өнеркәсібі көтергені үнемі айтылып жүреді. Біздің елді тұрғын үй құрылысы мен ауыл шаруашылығы дамыта алады», — деді Назарбаев.


Айта кетсек, «7 — 20 — 25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен ипотека алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан аспайды. Бастапқы жарна баспана құнының 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады.


Банктерден кредиттерді сатып алатын оператор құрылып, ол «Баспана» ипотекалық компаниясы деп аталмақ. Бағдарлама 2018 жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылады деп жоспарланып отыр.


kaz.365info.kz




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

жұма, 01.06.2018, 22:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31