Нарық

Назарбаев қазақстандықтардың жалақысын көбейтетін заңға қол қойды

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес табысы 60 мыңнан төмен қазақстандықтар үшін салық жүктемесі азайтылады, деп хабарлайды Ақорда.


Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдетуді ұсынған болатын. Елбасының ұсынысынан кейін парламент заңға енгізілген түзетулерді қабылдады. Енді жалқысы төмен қызметкерлер үшін жеке табыс салығы он есеге төмендейді.


Ал салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалады. Осының нәтижесінде Қазақстанда екі миллионнан астам тұрғының жалақысы өседі.


Аталған норма 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастп күшіне енеді деп жоспарланып отыр.


Сондай-ақ, түзетулермен осы жылдың 1 шілдесінен кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Қосымша жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алатын болады. Жәрдемақы көлемі биыл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды.


 Sputnik




Көрілген: 4542    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.07.2018, 17:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31