Нарық

Несие аларда осыны есте ұстаңыз

  • Несие аларда осыны есте ұстаңыз

    Несие аларда осыны есте ұстаңыз

Бүгінде несиеге ақша беретін мекемелер көп. Кейбірі тіпті қажетті құжаттарды 15-ақ минутта рәсімдеп, несие ақ­шаны қолыңызға әп-сәтте-ақ ұстата қояды. Ал осы несиені алу кезінде қандай сақтық ережелерін білген дұрыс? 


Тым тез арада рәсімделетін несиеге аса қызықпаған жөн. Өйткені онда алды-артын екшеп, ойлануға уақыт бола бермейді, сондықтан несие алушы өзіне кейін кесірі тиетін қателіктерге жол береді. 


Несие алу жолы неғұрлым жеңіл болған сайын одан құтылу жағы да соғұрлым ауырлай тү­седі. Есесіне құжаттарды түбе­гейлі жинақтауды қажет еткен несиелерден құтылу жеңілірек. Өйт­кені мұндай несиені алу ке­зінде адамға алды-артын ойлауға мүм­кіндік бар. Бұл адамды қате­лікке жол беруден сақтайды. 


Бүгінде несие өтемін төлеу­дің түрлі жолдары бар. Ол банк банкоматы арқылы төленсе, комиссиялық ақы алынбайды. Ал несие қайтарымын банк кассасы арқылы өткізгенде мұндай ақыны бәрібір төлеу қажет болады. Сондай-ақ несие өтемін басқа да банк мекемелері немесе байланыс бөлімдері арқылы төлеуге мүмкіндік бар. Бірақ мұн­дай жағдайда ол ақша банкке сенбі-жексенбіні есептемегенде үш жұмыс күнінен кейін барып түседі. Сондықтан бұл жөнінде банкпен байланысып, біліп отыру керек. 


Банк алдындағы міндетте­мелеріңізді дұрыс орындамасаңыз, ол сіздің «несие тарихыңыз­ға» енеді, тағы да несие алмақ болғаныңызда алдыңыздан шығып, кері әсерін тигізеді. 


Өз есебіңіздегі ақша қозғалысын бақылап отыруға мүм­кіндік беретін интернет-сервисті меңгеріп алсаңыз, тіпті жақсы. Бұл да қандай да бір қателіктен сақтануға септігі тиер жай. 


Егер несие төлемін келісім-шартта көрсетілгеннен артық етіп еселеп қайтарғыңыз немесе несиеден бірден толықтай құтылғыңыз келсе, бұл жөнінде банкпен хабарласып, ол үшін комиссиялық ақы ұстайтын-ұстамайтынын біліп алыңыз. 


Қателікке жол бермес үшін несие аларда оны рәсімдетпей тұрып өзіңізге қажеттінің бәрін біліп алыңыз. Пайыздық өсімі қанша, айыппұл қандай жағдайда, қаншы қосылады, тағы да басқа қажетті нәрселерді банк кеңесшілерінен сұрап, біліп алу керек. 


Құжатқа қол қояр кезде он­да жазылғандарды мұқият оқып, өз мүмкіндіктеріңізді, орын алуы мүмкін жайларды жақсылап саралап алыңыз. 


Несиені алу оңай, оны сауатты пайдалана білу қиын. Осы жағы есіңізде болсын. Несиені пайдалы іске жұмсаңыз. Бастысы, алу қажет болса, оны өз мүмкіндіктеріңізге шақтап алыңыз және уақтылы төлеп тұруға тырысыңыз. 


С. МАҚҰЛБЕК.


www.zamana.kz




Көрілген: 2508    Пікірлер: 0

сенбі, 10.03.2018, 15:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30