Нарық

Несиесіз өмір сүруге тырысыңыздар – Данияр Ақышев

  • Несиесіз өмір сүруге тырысыңыздар – Данияр Ақышев

    Несиесіз өмір сүруге тырысыңыздар – Данияр Ақышев

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев зейнеткерлер әлі де республиканың әлеуметтік белсенді азаматтары екендігін айты. Ол онлайн-конференцияда қаражатты қалай сақтау керектігі және несие алмауға тырысу туралы кеңестер айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


«Ақшаларыңызды банкте сақтаңыздар. Бұл қауіпсіз әрі қолдағы ақшадай жұмсалып кетпейді. 10 млн теңгеге дейінгі депозит сомасы депозиттерді кепілдендіру Қорымен кепілдендірілген. Ұлттық банктің лицензиясы жоқ компанияларға сеніп қалмаңыздар, олар пирамида болып табылатындықтан, әртүрлі бағдарламалар арқылы азаматтардың қалтасын қағуды көздейді. Сондай-ақ, сенімге кіргісі келетін бөтен адамдарға сенбеңіздер. Егер мүмкіндік болса, несие алмауға тырысыңыз. Несиесіз өмір сүру жолдарын қарастырыңыз», - дейді Данияр Ақышев.


Ұлттық банк төрағасы зейнеткерлер әлі де республиканың әлеуметтік белсенді азаматтары екендігін айтты.


«Біз барлық әлеуметтік топқа қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру тұрғысынан қараймыз. Кез келген адам қаржылық қызмет түрлерін дұрыс пайдалана білуі керек. Мүмкін болашақта бұл ақпаратты әртараптандыру керек. Зейнеткерлер әлеуметтік белсенді азаматтар болып қала бермек», - дейді ол.


 


 




Көрілген: 933    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.02.2018, 14:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31