Нарық

«Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

  • © Atameken Business Channel

    © Atameken Business Channel

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістердің енгізілетінін мәдімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Министрдің айтуынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыруға байланысты тұрғын үй жинақ жүйесіне өзгеріс енгізуге тура келеді.


«Ұлттық банк әзірлеген меxанизмдерді есепке ала отырып, сәуір айында «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістерді енгіземіз. Аталған өзгерістер «7-20-25» бағдарламасының нормаларын тиімді іске асыруға ықпал ететін болады. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту нормалары мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің заемдарын беру талаптары қайта қаралады», - деді Ж.Қасымбек Үкіметтің бүгінгі отырысында.


Бұдан бөлек, құрылыс алаңдарына инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға жыл сайын бөлінетін қаржыны 80 млрд теңгеден 100 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланған.


Айта кетейік, отырыста Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев «7-20-25» бағдарламасының жобасын таныстырды. Бас банкир 7 проценттік ипотеканың басты талабын да жариялады.


 




Көрілген: 792    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 12:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31