Нарық

"Нұрлы жер": енді қазақстандықтар бастапқы жарнасыз-ақ баспаналы болады

  • © Sputnik / Алексей Филиппов

    © Sputnik / Алексей Филиппов

"Нұрлы жер" бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді азаматтар бастапқы жарнаның орнына жылжымайтын мүлікті кепілге қойып, баспаналы бола алады. Бұл туралы "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"23 қазан күні ҚР үкіметінің қаулысымен бірқатар түзету енгізілді. Алғашқы өзгеріс – бастапқы жарнаға қатысты. Бұрын бастапқы жарна 30 пайызды құраса, қазір бұған балама бар. Егер азаматтың 30 пайыз көлемінде жарнасы болмаса, онда ол өзіне немесе үшінші тұлғаға тиесілі, құны осымен пара-пар жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде ұсына алады. Сондай-ақ құрылыс компанияларына алдын ала төленген төлемі де есепке алынады. Ол да бастапқы жарна ретінде ескеріледі",- деді Мұхамеджанов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.


Сондай-ақ, өзгерістер аясында бастапқы тұрғын үй ұғымы кеңейтілген.


"Енді пәтерлерді тек құрылыс компанияларынан ғана емес, басқа да заңды тұлғалардан (сауда компаниялары) сатып алуға болады. Яғни азаматтардың пәтер таңдау құқығы болады", — деді ол.


Бүгінде коммерциялық банктер де бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытып отыр. Жыл соңына дейін "Цеснабанк" АҚ, ал келесі жылы "Халық банк" АҚ, "Forte Bank" АҚ, "Банк Kassa Nova" АҚ, "Tengri bank" АҚ, "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ қосылуды жоспарлап отыр.


 


 




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

жұма, 15.12.2017, 16:32

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Наурыз, 17:07
Ең пайдалы бизнес

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30