Нарық

"Нұрлы жер": енді қазақстандықтар бастапқы жарнасыз-ақ баспаналы болады

  • "Нұрлы жер": енді қазақстандықтар бастапқы жарнасыз-ақ баспаналы болады

"Нұрлы жер" бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді азаматтар бастапқы жарнаның орнына жылжымайтын мүлікті кепілге қойып, баспаналы бола алады. Сондай-ақ, азаматтар құрылыс компаниялары мен пәтерлерді өздері таңдай алады. Бұл туралы "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.




Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 500-ге тарта отбасы баспаналы болды

"23 қазан күні ҚР үкіметінің қаулысымен бірқатар түзету енгізілді. Алғашқы өзгеріс – бастапқы жарнаға қатысты. Бұрын бастапқы жарна 30 пайызды құраса, қазір бұған балама бар. Егер азаматтың 30 пайыз көлемінде жарнасы болмаса, онда ол өзіне немесе үшінші тұлғаға тиесілі, құны осымен пара-пар жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде ұсына алады. Сондай-ақ құрылыс компанияларына алдын ала төленген төлемі де есепке алынады. Ол да бастапқы жарна ретінде ескеріледі",- деді Мұхамеджанов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.


Сондай-ақ, өзгерістер аясында бастапқы тұрғын үй ұғымы кеңейтілген.


"Енді пәтерлерді тек құрылыс компанияларынан ғана емес, басқа да заңды тұлғалардан (сауда компаниялары) сатып алуға болады. Яғни азаматтардың пәтер таңдау құқығы болады", — деді ол.


Бүгінде коммерциялық банктер де бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытып отыр. Жыл соңына дейін "Цеснабанк" АҚ, ал келесі жылы "Халық банк" АҚ, "Forte Bank" АҚ, "Банк Kassa Nova" АҚ, "Tengri bank" АҚ, "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ қосылуды жоспарлап отыр. 




Көрілген: 484    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 17.12.2017, 10:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Желтоқсан 2017
    Qazcom мен Halyk bank бірігеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31